БОЛАШАҚ РЕЗИДЕНТТЕР, НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Резидентураға жоғары білім және интернатураны меңгерген тұлғалар қабылданады.

Резидентураға оқуға түсетін тұлғалар 2022 жылдың шілдесінің 3-25 аралығында университеттің қабылдау комиссиясына және https://admission.semeymedicaluniversity.kz/kk/ ақпараттық жүйесі арқылы келесі құжаттарды жібереді:

 

Құжаттарды тапсыру үшін сізге 2 қадамды жүзеге асыру қажет:

1-қадам – “СМУ” КеАҚ сайтында “Түсу” → “Тапсырыс беру” сілтемесімен өтіп, тіркеліңіз, эл. почтаңызды растаңыз, және ашылған форманы келесі құжаттардың сканерлерін міндетті түрде қоса отырып толтырыңыз немесе https://admission.semeymedicaluniversity.kz/rabochie-processy/otpravit-formu/rezidentura-podacha-zayavleniya-na-sdachu-vstupitelnogo-ekzamena-po-gruppe-obrazovatelnyh-programm/ сілтемесі бойынша өтіңіз:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген нұсқасы;
  • бакалавриатты бітіргені туралы дипломның сканерленген нұсқасы қосымшаларымен бір тілде (қазақ / орыс);
  • дәрігер біліктілігін беру туралы дипломның сканерленген нұсқасы қосымшаларымен бірге бір тілде (қазақ / орыс);
  • интернатураны бітіргені туралы куәліктің сканерленген нұсқасы;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың сканерленген нұсқасы (еңбек өтілі бар адамдар үшін еңбек кітапшасын, жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған анықтаманы ұсыну қажет);
  • денсаулық сақтау саласындағы кәсіби сертификаттың сканерленген көшірмесі.

 

Назар аударыңыз! Оқуға түсуші барлық енгізілген деректердің дұрыстығын растай отырып, толық жауапкершілікті көтереді.

Өтінімді қабылдау туралы ақпарат тіркеу кезінде көрсетілген поштаңызға келеді.

2-қадам – онлайн тіркелгеннен кейін тізімге сәйкес 3-25 шілде аралығындағы кезеңде құжаттар тізбесін ұсыну қажет:

Назар аударыңыз! Құжаттар сайтта тіркеусіз қабылданбайды!

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Конкурсқа қатысу үшін Басқарма Төрағасы – ректордың атына өтініш резидентураға түсуге (жүктеп алу);
  2. Резидентураға қабылдау үшін Басқарма Төрағасы – ректордың атына өтініш (жүктеп алу);
  3. Нотариалды куәландырылған бакалавр дипломы және бір тілде (қазақ/орыс) қосымша (транскрипт) (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);
  4. Дәрігер біліктілігін беру туралы Диплом және дипломға бір тілде (қазақ/орыс) қосымша (транскрипт) (түпнұсқа);
  5. Интернатураны бітіргені туралы куәлік (нотариалды куәландырылған);
  6. МҚА бағалау (жалпы) (басқа ЖОО-дан түсушілер үшін анықтама);
  7. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  8. 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет (кесілген және конвертке салынған);
  9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорографиядан өткені туралы карточкамен бірге;
  10. Ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны, ғылыми жарияланымдары, оның ішінде рейтингтік ғылыми басылымдарында (олар болған жағдайда) грамоталар және (немесе)дипломдар;
  11. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін еңбек кітапшасының көшірмесін, жұмыс орнынан анықтаманы ұсыну);
  12. Денсаулық сақтау саласындағы кәсіби куәліктің көшірмесі;
  13. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (барлық тармақтарды толтыру және фотосуретті желімдеу);
  14. Баулары бар құжат тігілетін папка (қағаз), А5 конверт.

Конкурстық іріктеуден сәтті өткеннен кейін оқуға қабылдау туралы бұйрық шыққанға дейін үміткер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. Мемлекеттік тапсырыс бойынша резидентура тыңдаушылары үшін білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарт (басып шығару және 2 данада толтыру) немесе ЖАО/МҰ есебінен маман даярлауға арналған шарт (басып шығару және 3 данада толтыру).
  2. Грантқа түскендер үшін сайттан жүктеу және мемлекеттік грантты өтеу бойынша міндеттеме мен келісімді толтыру.
  3. Шарт жасасу және оқу шығындарын төлеу туралы ұйымнан кепілдік хат (ақылы негізде оқуға түсушілер үшін).

 

!!! Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған кезде қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Оқу ақысы (1 оқу жылы) мақсатты резидентураға – 1 398 900 теңге.

Оқу ақысы (1 оқу жылы) – 1 300 000 теңге.

Білім беру бағдарламалары

7R01122 - Ересектер, балалар психиатриясы

Сіздерді 7R01104 мамандығы бойынша «Гастроэнтерология ересектердің, балалардың» мамандығы бойынша резидентуралық оқуға шақырамыз

 

Мамандық 2019 жылғы білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттікпен аккредиттелген.

 

Клиникалық базалар: СМУ КеАҚ Университеттік ауруханасы (аурухана, емхана, балалар бөлімі)

 

«Гастроэнтерологтың ғылыми мектебі» шеңберіндегі зерттеу бағыты

 

Құрметті интернатура түлектері!
Сіздерді 7R01104 мамандығы бойынша «Гастроэнтерология ересектердің, балалардың» мамандығы бойынша резидентуралық оқуға шақырамыз

Оқу мерзімі – 2 жыл.

Мамандық 2019 жылғы білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттікпен аккредиттелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының болжамы бойынша Гастроэнтерологияны зерттеудің өзектілігі, ХХІ ғасырдың ортасына қарай қазіргі заманғы адамның өмір салты (стресс, дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділік, жаман әдеттер), қоршаған ортаның ластануы, тамақтануда сапасыз және гендікмодифицирленген тағамдардың үлесі асқазан ауруларының дамуында жетекші орындардың бірін алады.

«Гастроэнтерология ересектердің, балалардың» мамандығы бойынша резидентураны оқыту бағдарламасы дәлелді медицинаның заманауи қағидаларына сәйкес пациентке мамандандырылған гастроэнтерологиялық көмек көрсетуге дайын бәсекеге қабілетті маман даярлауға бағытталған.

Факультеттік терапия кафедрасы резидент гастроэнтеролог мамандарын даярлауға жауапты негізгі құрылымдық бөлім болып табылады.Оқытушылар құрамы (профессор Жұмаділова З.К., доцент Қасқабаева А.Ш., доцент Шаханов Т.Е.) жоғары санатты дәрігерлер болып табылады. Кафедрада гастроэнтерологтыың ғылыми мектебі аясында ғылыми жұмыстар жүргізіледі. «Гастроэнтерологтар мектебі» оқу апталығы аясында мастер-кластар мен семинарлар өткізіледі.

Клиникалық база «СМУ» КеАҚ Университет госпиталінде орналасқан – көпсалалы клиникалық база, өзінің клиникалық базасы бар, онда ризиденттердің клиникалық оқыуы жүзеге асырылады. Клиникалық базалардың бірі – гастроэнтерологиялық бөлім, 1983 жылы құрылған, 40 кереуетке орналастырылған, асқазан-ішек жолдары және гепатобилиарлы жүйенің патологиясы бар науқастарға мамандандырылған көмек көрсетіледі, сонымен қатар параклиникалық қызметтері бар: биохимиялық, ИФА/ПЦР бактериологиялық зертханалық, эндоскопиялық зерттеулер жүргізіледі. УГ кеңестік-диагностикалық ұызмет: хирург, инфекционис жүргізіледі.

 

Оқу аяқталғаннан кейін резидент гастроэнтеролог келесі жұмыстарды жүргізуге қабілетті:

  1. Асқорыту жүйесінің анатомиялық және физиологиялық сипаттамалары туралы; патофизиология, патоморфология, рационалды фармакотерапия мәселелері және гастроэнтерологиялық сипаттағы аурулардың дәлелді медицинасы бойынша білімдерін көрсету.
  2. Гастроэнтерологиялық ақаулары бар науқастарды анықтау, емдеу, алдын алу, медициналық оңалту және динамикалық бақылауды жүргізу.
  3. Өмірге қауіпті жағдайда жедел көмек көрсету.
  4. Медициналық құжаттаманы заңнамада белгіленген мамандық бойынша рәсімдеу.
  5. Науқас үшін жақсы нәтижеге жету үшін пациентпен, оның қоршаған ортасы денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара қызмет көрсету.
  6. Кәсіби әдебиеттерді сыни бағалау, күнделікті қызметінде халықаралық мәліметтер базасын тиімді пайдалану және ғылыми-зерттеу тобының жұмысына қатысу қабілеттерін көрсету.

 

Біз сіздерді резидентураға түсу емтиханында күтеміз.

Қабылдау комиссиясының байланыстары

Мекен-жайы: 071400 Абай облысы, Семей қ., Абай Құнанбаев к-сі, 103, 328 кабинет
Электрондық пошта: admission@nao-mus.kz