Интернатура – клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны.

 

Интернатура мамандықтары

ЖАЛПЫ ПРАКТИКА ДӘРІГЕРІ

«Жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша оқуды аяқтаған бітірушіге «Жалпы практика дәрігері» біліктілігі берілген сертификат және интернатураны бітіргені туралы куәлік беріледі, жалпы практика дәрігері ретінде өзіндік практикалық қызметке жіберіледі. Бітірушілердің резидентурада, магистратурада одан әрі оқуын жалғастыруға құқығы бар.

  • Оқу тілі: қазақ, орыс.
  • Бакалавриатта оқу мамандығы: Жалпы медицина.
  • Оқу түрі: күндізгі
  • Осы бағдарлама кімге арналған: бакалавриат бітірушілері үшін.
  • Оқу мерзімі: 2 жыл.
  • Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 15 тамызына дейін.

 

СТОМАТОЛОГИЯ

«Стоматология» мамандығы бойынша оқуды аяқтаған түлекке «дәрігер стоматолог» біліктілігі берілген сертификат және интернатураны бітіргені туралы куәлік, стоматолог дәрігер ретінде өзіндік практикалық қызметке жіберілгендігі туралы куәлік беріледі. Бітірушілердің резидентурада, магистратурада одан әрі оқуын жалғастыруға құқығы бар.

  • Оқыту тілі: қазақ, орыс
  • Бакалавриатта оқу мамандығы: стоматология
  • Оқу түрі: күндізгі
  • Осы бағдарлама кімге арналған: бакалавриат түлектеріне
  • Оқу мерзімі: 1 жыл
  • Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 15 тамызына дейін.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Интернатураға «жалпы медицина», «педиатрия», «стоматология» мамандықтары бойынша жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломы бар тұлғалар қабылданады.

Интернатураға үміткерлердің құжаттарын қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 01 шілдесінен 15 тамызына дейін.

Құжаттарды үміткердің өзі немесе үміткердің нотариаттық сенімхат бойынша өкілі ұсынады.

Құжаттар қабылдау комиссиясына беріледі.

 

Қабылдау комиссиясы

Мекен-жай: 071400 Абай облысы, Семей қаласы, 

Абай Құнанбаев көшесі, 103

Телефон: 8 (7222) 32-61-80

Email: admission@nao-mus.kz

 

Басқа медициналық жоғары оқу орындарынан интернатураға қабылдау мәселелері бойынша:

Дипломнан кейінгі білім беру мектебі

Телефон: 8 (7222) 56-42-07 (ішкі  – 1021)

Email: interns@nao-mus.kz

  • Өтініш үлгісі (жүктеп алу (Файл → Скачать → Microsoft Word (DOCX)))
  • Еңбекпен өтеу міндеттемесі (жүктеп алу)
  • Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім (жүктеп алу)
КафедраЗаведующий кафедройЗавуч кафедры
Кафедра госпитальной терапииЖумагалиева Ардак НазиловнаКапакова Миргуль Амангалиевна
Кафедра персонизированной медициныДюсупова Ажар АхметкалиевнаХисметова Амина Мухамедолаевна
Кафедра госпитальной хирургииАймагамбетов Меирбек ЖаксыбековичОмаров Назарбек Бакытбекович
Кафедра перинатологииМанабаева Гульшат КабдрахмановнаАлимбаева Салтанат Сергазыевна
Кафедра акушерства и гинекологииТанышева Гульяш АлтынгазиевнаКинаятова Шолпан Кайратовна
Кафедра педиатрииАлимбаева Алия РахметуллаевнаНазарбекова Маншук Сериккажиевна
Кафедра терапевтической стоматологииХайдарова Нуржанат БидахметовнаСулейменова Даметкен Мукашевна

Ғылыми кеңес отырысы шешімінің №11 хаттамасы 26.06.2020 ж.

(ИНТЕРНАТУРА)

2020-2021 оқу жылына арналған студенттердің курстан курсқа көшіру үлгерім орташа балы (ҮОБ):

ҮОБ – GPA

                  5 – 6 курсқа                           60% (1,67) жылдық

                  6 – 7 курсқа                           65% (2,0) жылдық

 

Оралмандар, әкім гранты иегерлері үшін:

                 5 – 6 курсқа                          60% (1,67) жылдық

                 6 – 7 курсқа                          60% (1,67) жылдық

 

Басқа жоғары оқу орындарынан 6 курсқа ауысып келген интерндерге арналған  үлгерім орташа балы  (ҮОБ):

ҮОБ – GPA

Мамандықтар бойынша: «Жалпы дәрігер тәжірибесі»            80% (3,0)

                                            «Стоматология»                                80% (3,0)

 

Басқа жоғары оқу орындарынан 6 курстан 7 курсқа ауысып келген интерндерге арналған  көшіру үлгерім орташа балы  (ҮОБ):

ҮОБ  GPA

Мамандықтар бойынша: «Жалпы дәрігер тәжірибесі»         85% (3,33)        

 

Резиденттер үшін  көшіру үлгерім орташа балы  (ҮОБ):

ҮОБ  GPA

                                             1 курстан  2 курсқа – 80% (2,67)

                                             2 курстан 3 курсқа  – 80% (3,0)

 

Магистранттар үшін  көшіру үлгерім орташа балы  (ҮОБ):

ҮОБ  GPA

                                             1 курстан 2 курсқа  – 75% (2,67)

 

Докторантар PhD үшін 1 курстан 2 курсқа көшіру үлгерім орташа балы  (ҮОБ):

ҮОБ  GPA

Мамандықтар бойынша :   «Қоғамдық денсаулық сақтау» – 80% (3,0)

                                             «Медицина» – 80% (3,0)

Онлайн тіркелгеннен кейін тізімге сәйкес құжаттар тізімін ұсыну қажет:

  1. Интернатураға қабылдау туралы өтініш
  2. Жеке куәлік көшірмесі (2 дана)
  3. Диплом (түпнұсқа) + көшірмесі
  4. Қосымша 3 тілде (нотариалды расталған 1 көшірме)
  5. Фото 3х4 (6 дана)
  6. Келісім (грантта оқитындар үшін)
  7. Міндеттеме (грантта оқитындар үшін)
  8. Шарт
  9. Неке туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі (бар болса)
  10. Байланыстырғыштары бар папка
  11. А5 форматындағы Конверт