null
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алу мүмкіндігі бар
null
Қазақстанның жетекші медицина университеті
null
Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттіктің нәтижелері бойынша «Студенттерді оқыту нәтижелері бойынша көшбасшы» номинациясында I-ші орын
null
Академиялық ұтқырлықтың бірегей бағдарламалары бойынша шетелде оқу және практикадан өту
null
2020 жылы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінің нұсқасы бойынша «Үздік медициналық ЖОО»
null
Білім берудің толық циклі: бакалавриат – интернатура – резидентура – магистратура – докторантура
null
1953 жылдан бері ең үздік әлемдік тәжірибе және бай дәстүрлер

Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары

Болашақ жақын болған кездегі сезім

«Мейірбике ісі» – В084 білім беру бағдарламасы

«Мейірбике ісі» білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған бітірушіге денсаулық сақтау бакалавры дәрежесі беріле отырып, жоғары арнайы медициналық білімді бітіргені туралы диплом беріледі.

Түлектер одан әрі магистратурада, докторантурада оқуын жалғастыруға құқылы.

  • Оқу мерзімі: 4 жыл
  • Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын
  • Оқу түрі: күндізгі
  • ҰБТ-ның ең төменгі баллы: кемінде 70 балл (әрбір пән бойынша кемінде 5 балл)
  • ҰБТ-да бейінді пән: Биология + Химия.
  • Оқу құны – 850 000 тг.

 

Сіз қайда жұмыс істей аласыз?

Бітіруші заңнамамен белгіленген тәртіпте дербес практикалық қызметке жіберіледі:

  • мейірбике ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары;
  • бас медбике;
  • мейірбикелік күтім ауруханасының, хоспистің, денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі;
  • ЕАҰ бөлімінің аға медбикесі;
  • медициналық колледждерде мейірбике ісі мамандарын даярлау бойынша оқытушы.

«Мейірбике ісі» қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша талапкерлер үшін

Білім беру бағдарламасы Оқу мерзімі Үміткерлер үшін қажетті білім деңгейі
Мейірбике ісі 2,6 жыл (күндізгі оқу) 0302000 «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Жалпы практика мейірбикесі», «Мамандандырылған мейірбике» біліктілігімен техникалық және кәсіптік білімі немесе 0301000 «Емдік ісі» мамандығы бойынша, маман сертификаты және «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі
Мейірбике ісі 10 ай (күндізгі оқу) «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Мейірбике ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі және жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес ортадан кейінгі білім

Күнтізбелік жылдың 01-25 тамыз аралығында құжаттарды қабылдау.

 

Грантқа:

Маусым-шілде ҰБТ нәтижелері бойынша білім беру саласы бойынша «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» – 25 балдан кем емес, оның ішінде жалпы кәсіптік пән (Биология) және арнайы пән (Мейірбике ісі негіздері) бойынша 5 балдан кем емес.

Ақылы оқуға:

Психометрикалық емтихан + Әңгімелесу 

Жылына 450 000 теңге

Оқуды аяқтағаннан кейін академиялық дәрежесі: «Мейірбике ісі» білім беру бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау бакалавры.

«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша кітапшаны жүктеп алу

«Фармация» – В08білім беру бағдарламасы

«Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған бітірушіге денсаулық сақтау бакалавры дәрежесі беріле отырып, жоғары арнайы медициналық білімді бітіргені туралы диплом беріледі.

Түлектер одан әрі магистратурада, докторантурада оқуын жалғастыруға құқылы.

  • Оқу мерзімі: 5 жыл
  • Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын
  • Оқу түрі: күндізгі
  • ҰБТ-ның ең төменгі баллы: кемінде 70 балл (әрбір пән бойынша кемінде 5 балл)
  • ҰБТ-да бейінді пән: Биология + Химия.
  • Оқу құны – 850 000 тг.

 

Сіз қайда жұмыс істей аласыз?

«Фармация бакалавры» кәсіби қызмет саласы:

  • Фармацевтикалық ұйымдар мен кәсіпорындар;
  • Басқару және фармацевтикалық қадағалау органдары;
  • ДЗ стандарттау және сертификаттау органдары;
  • СМО химиялық-токсикологиялық бөлімшелері;
  • Фармацевтикалық ақпарат органдары;
  • Білім беру ұйымдары;
  • Ғылым ұйымдары;
  • Әлеуметтік қорғау ұйымдары болып табылады.

«Жалпы медицина» – В086 білім беру бағдарламасы

«Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған бітірушіге денсаулық сақтау бакалавры дәрежесі беріле отырып, жоғары арнайы медициналық білімді бітіргені туралы диплом және «дәрігер» біліктілігі беріледі.

Түлектер одан әрі резидентурада, магистратурада, докторантурада оқуын жалғастыруға құқылы.

  • Оқу мерзімі: 6 жыл
  • Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын
  • Оқу түрі: күндізгі
  • ҰБТ-ның ең төменгі баллы: кемінде 70 балл (әрбір пән бойынша кемінде 5 балл)
  • ҰБТ-да бейінді пән: Биология + Химия.
  • Оқу құны – 900 000 тг.

 

Сіз қайда жұмыс істей аласыз?

Осы мамандық бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет саласы денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, әлеуметтік қорғау болып табылады.

“Педиатрия” – В088 білім беру бағдарламасы

B088 –”Педиатрия” мамандығы бойынша бакалавриаттың білім беру бағдарламасының мақсаты үздіксіз кәсіби оқытуды қамтамасыз ету және терең теориялық білімі мен практикалық дағдылары, сондай-ақ балалар ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алуда қажетті құзыреттері бар жоғары білікті педиатрларды даярлау болып табылады.

В088-“Педиатрия” (5+1) білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған түлекке “педиатрия бакалавры” академиялық дәрежесі және “дәрігер педиатр” біліктілігі берілетін жоғары білім туралы диплом, сондай-ақ интернатураны бітіргені туралы куәлік беріледі.

Түлек жалпы дәрігерлік практика бағыттары бойынша дәрігер ретінде дербес практикалық қызметке жіберіледі.

  • Оқу мерзімі: 6 жыл (5+1 жыл интернатура)
  • Оқыту тілі: қазақ, орыс.
  • Оқу түрі: күндізгі
  • ҰБТ-ның ең төменгі балы: 70 баллдан кем емес (әр пән бойынша 5 баллдан кем емес)
  • ҰБТ-дағы бейіндік пән: Биология + Химия.

 

Сіз қайда жұмыс істей аласыз?

Осы мамандық бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет саласы денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, әлеуметтік қорғау орталықтарында қызмет атқара аласыз.

«Стоматология» – В087 білім беру бағдарламасы

«Стоматология» білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған бітірушіге денсаулық сақтау бакалавры дәрежесі беріле отырып, жоғары арнайы медициналық білімді бітіргені туралы диплом және «дәрігер» біліктілігі беріледі.

Түлектер одан әрі резидентурада, магистратурада, докторантурада оқуын жалғастыруға құқылы.

  • Оқу мерзімі: 6 жыл
  • Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын
  • Оқу түрі: күндізгі
  • ҰБТ-ның ең төменгі баллы: кемінде 70 балл (әрбір пән бойынша кемінде 5 балл)
  • ҰБТ-да бейінді пән: Биология + Химия.
  • Оқу құны – 900 000 тг.

«Қоғамдық денсаулық» – В089 білім беру бағдарламасы

«Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған бітірушіге денсаулық сақтау бакалавры дәрежесі беріле отырып, жоғары арнайы медициналық білімді бітіргені туралы диплом беріледі.

Түлектер одан әрі магистратурада, докторантурада оқуын жалғастыруға құқылы.

  • Оқу мерзімі: 4 жыл
  • Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын
  • Оқу түрі: күндізгі
  • ҰБТ-ның ең төменгі баллы: кемінде 65 балл (әрбір пән бойынша кемінде 5 балл)
  • ҰБТ-да бейінді пән: Биология + Химия.
  • Оқу құны – 850 000 тг.

 

Сіз қайда жұмыс істей аласыз?

Осы мамандық бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет саласы денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, әлеуметтік қорғау болып табылады.

Жыл сайын 2700 грант беріледі. ҰБТ тапсырудың ең төменгі балы – 70 балл.

«Семей медицина университеті» КеАҚ-на түсу

ҰБТ тапсыру

жылына 4 рет
  • Білім беру бағдарламасы мен бейіндік пәндерді таңдау.
  • ҰТО сайты арқылы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш беру app.testcenter.kz
  • ҰБТ тапсыру және психометриялық емтихан тапсыру.
  • 2700 гранттың біреуін жеңіп алу.

Грант конкурсының нәтижелері тамыз айының басында жарияланады.

«СМУ» КеАҚ-на түсу

20 маусымнан 25 тамызға дейін
  • Мына мекенжай бойынша онлайн режимде психометриялық тестке тіркелу: admission.semeymedicaluniversity.kz
  • Техникалық хатшы растағаннан кейін онлайн режимде тестілеуден өту.
  • 13-20 шілде аралығында ҰБТ тапсыру кезінде құрылған жеке кабинетте ҰТО сайтында электрондық форматта мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш беру керек.
    Бұл ретте оқуға түсушілер ҰТО сайтында конкурсқа қатысу үшін өтініш бергеннен кейін өтініште көрсетілген деректерді растау үшін құжаттардың түпнұсқаларымен университетке келуі қажет.
  • Мемлекеттік білім беру гранттарын өңдеу: granty.kz

Қабылдау комиссиясының байланыс ақпараты

жыл бойы

Мекен-жайы

Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қ, Абай Құнанбаев к-сі 103, Бас ғимарат (БҒ), №222 кабинет

Телефон

+7 (7222) 32 61 80

+7 (778) 008 57 56

Эл. пошта

Жұмыс кестесі

Дс. – Жм. 09:00 – 18:00

Гранттар

Тегін оқуға болатын кездегі сезім

«СМУ» КеАҚ студенттерінің 51%-ы тегін оқиды.

мемлекеттік гранттар
ШҚО, Павлодар және Ақмола облыстарының ЖАО-ның жыл сайынғы гранттары
түлектерге деген сұраныс бойынша Қазақстанның топ-20 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді
жеке университеттік госпитальдің болуы
Павлодар және Өскемен қалаларында филиалдардың бар болуы
симуляциялық класстар
әскери кафедраның болуы
оқу ақысын төлеудің икемді жүйесі және әрқайсысына деген жеке көзқарас

Мен грантқа түскім келеді!

Гранттар мен жеңілдіктер туралы қосымша ақпарат алу үшін мәліметтеріңізді қалдырыңыз

«Семей медицина университеті» КеАҚ цифрлармен

Алда қызықты өмір болатын кездегі сезім

5182
студент

2622
грантта оқиды

25000
астам түлек оқытудан сәтті өткен

58
шетелдік серіктес

5
халықаралық жоба

9
шетелдік студенттерді оқуға түсіруге арналған компания

117
клиникалық база

47
кафедра

383
робот-манекендер және симуляциялық тренажерлар

6
зерттеулер мен практикалық сабақтар өткізуге арналған заманауи зертханалар

15
жастар клубтары мен ұйымдары

3
жергілікті және шетелдік студенттердің тұруына арналған қазіргі заманғы студенттер үйі

11
240 орынға арналған компьютерлік сыныптар

800000
кітап ғылыми кітапханада

20
спорттық клубтар

Халықаралық бағдарламалар

ҚР БҒМ және ҚР ДСМ-мен бірлесіп алмасу бағдарламалары

Erasmus кредиттік ұтқырлығы

“Мевлана” академиялық алмасу бағдарламалары

Жұмыспен қамту

“Семей медицина университеті” КеАҚ түлектерді жұмысқа орналастыру деңгейі бойынша Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары арасында көшбасшы болып табылады.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі алғашқы 6 ай ішінде түлектердің 98%-ы жұмысқа орналасады.

Семей медицина университеті өз қызметін 1953 жылдың 1 қыркүйегінен бастады. Осы жылдар ішінде Қазақстанда, жақын және алыс шетелдерде табысты жұмыс істейтін 25 мыңнан астам адам ЖОО түлектері атанды.

Әскери кафедра туралы

Сіз күшті болған кездегі сезім

“Семей медицина университеті” КеАҚ әскери кафедрасы бакалавриаттың күндізгі оқу бөлімінің 2-курс студенттерін, ҚР азаматтарын оқуға қабылдайды (150 орын).