НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсы

  1. 2021 жылғы 20 желтоқсандағы Басқарма төрағасының- Ректорының № 553 бұйрығымен жоғары оқу орныны бойынша жоғары білім алу процесінде 2021-2022 оқу жылына арналған босаған бос білім беру гранттарын беру жөніндегі комиссия құрылды.
  2. 2021-2022 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша бос білім беру гранттарын беру жөніндегі комиссияның отырысы 2022 жылы 20 шілдеде сағат 10.00-де бас ғимаратта  үлкен конференция  залда  және ZOOM конференция форматында (қашықтағы комиссия мүшелері үшін) өтеді, сілтеме қосымша ұсынылады.
  3. 2022 жылдың 16 маусымға бос білім беру гранттарының саны:

 

         Код Білім беру бағдарламалары топтардың атауы/ жоғары курс мамандықтары Курс Босаған бос орындар саны
B086 Жалпы медицина 1 1
3 1
  ЖОО барлығы бойынша   2

 

4. Конкурсқа ақылы негізде білім алушылар қатысуға құқылы, жазғы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша академиялық берешегі жоқтар.

5. Білім беру гранттарын беру жөніндегі комиссия отырысының ашық өту мақсатында комиссия отырысына қатысуға ниет білдірген білім алушылардың ата-аналары қатарынан келісім-шарт негізде қатыса алады.

Қатысуға құқығы жоқ:

  1. Егер білім алушы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмаса;
  2. Ағымдағы оқу жылында (мемлекеттік грантқа ауысу кезеңіне), академиялық қарызы бар (жазғы ақылы семестрге қалдырылған) білім алушы.
  3. Курс бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ ауысу балының ең төменгі шамасын ала алмаған және өзінің орташа GPA баллын арттыру үшін ақылы семестрден өткен білім алушы;
  4. Басқа жоғары оқу орындарынан ауыстырылған және қайта қабылданған білім алушылар. Білім алушылардың осы санаты үшін қатысу құқығы толық (1 жыл) оқу жылы аяқталғаннан кейін ғана басталады.

2019-2020 оқу жылында қысқы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау туралы ақпарат

 

“Семей медицина университеті” КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректорының “Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау туралы” 2020 жылғы 12 наурыздағы № 79-С бұйрығы

Негіздеме: ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 95 бұйрығы, бұйрық қосымшасы

 

“Семей медицина университеті” КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректорының “Ауысу туралы” 2020 жылғы 27 ақпандағы № 68-С бұйрығы

Негіздеме: ШҚО Білім басқармасының 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 27 бұйрығы