СМУ бірінші курс студенттерімен бейімделу бойынша диагностикалық жұмыстар жүргізілуде

Университет психологы А.А. Мырзахановамен 2019-2020 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес бірінші курс студенттерімен бейімделу бойынша диагностикалық жұмыстар жүргізуде. Диагностикалық жұмыстың мақсаты студенттердің жеке қасиеттерін зерделеу, әрі қарай жұмыс істеу үшін талдау жасау және алғашқы оқу жылында сәтті бейімделуіне ықпал ету. Студенттердің жаңа ортаға бейімделуі – жеке-психологиялық, мінез-құлық және әлеуметтік компоненттерді қамтитын күрделі, көп факторлы процесс.…

Өлкетану мұражайында

Семей Медицина Университеті, Жалпы медицина мамандығының 424 топ студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен қазанның жиырма бесінші жұлдызында Өлкетану мұражайына барып қайтты.Қазақстандағы көне музейлердің бірі – Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейі 1883 жылы саяси жер аударылған орыс демократтары  Е.П. Михаэлис, М.И. Долгополов, П. Д. Лобановский және қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың бастамасымен құрылған болатын.Қазіргі күні музей қорында…

«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының 30 жылдығына арналған ғылыми семинар

25 қазанда жалпы білім беретін пәндер кафедрасында «Невада-Семей: тарих және сабақ» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Ғылыми семинарды «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының 30 жылдығы аясында тарих-философия үйірмесі мүшелері ұйымдастырды. Ғылыми семинарға ЖМ 111 топ студенттері Абдрахманова Айя, Сылдырбаева Алида, ЖМ 124 топ студенттері Малғаждарова Айгерім, Рымбекова Елдана, Кенжеғалиев, Бақытбек  Айдосұлы Жандос және 203 топ студенті стом. …

Кәсіподақ комитетінің төрағасы ғылыми зертханалар орталығы ұжымымен кездесті

2019 жылғы 24 қазан күні кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.С. Смаилов ғылыми зертханалар орталығы ұжымымен кездесу өткізді. Жиналыс аясында кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.С. Смаилов Ғылыми зертханалар орталығының қызметкерлерін КеАҚ «СМУ» ұжымдық келісімімен таныстырды. Тәртіп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сияқты маңызды мәселелер де көтерілді. Ғылыми зертханалар орталығының ұжымы КеАҚ «Семей медициналық университеті» кәсіподақ комитетінің төрағасы Смаилов…

СМУ студенттері «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» қайырымдылық марафонына қатысты

2019 жылғы 27 қазан күні «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» қайырымдылық марафоны өтті. Аталған іс-шараға Семей медицина университетіндегі “Nur Otan” партиясы жанындағы “Жас Отан” ЖҚ белсенділері қатысты. 3 студентіміз үздік отыздыққа кіріп, сертификат және медальдармен марапатталды. Қайырымдылық марафонына әр үміткер мүмкіндігіне қарай қаражат төлеп қатысуға жолдама алды. Жиналған қаражат әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек ретінде…

Студенттер Абай атындағы театрда қойылым тамашалады

Семей медицина университеті «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс 1210 тобының студенттері 2019 жылдың қазан айының 19-ы күні Абай атындағы театрда қойылым тамашалады. Н.В. Гогольдың «Өлі жандар» поэмасының желісі бойынша жазылған пьесаның қоюшы режиссері Дина Жұмабаева, қоюшы суретшісі Наталья Ерчихина. Спектакльде образдардың, мәнсіз, кері кеткен күйбең тіршіліктің, сондай-ақ, зиянды әрекеттердің алуан пішіні бар. Өкінішке орай, бұлардың кейбір көріністері біздің…

Еріктілер корпусы Қарттар үйінде іс-шара өткізді

2019 жылдың 23 қазанында Семей медицина университеті VOLUNTEER CORPS еріктілері мен Семей қ. Шәкәрім атындағы университетінің Еріктілер клубының бірлесе отырып, Қарттар үйінде үстел спорты ойын түрлерінен іс-шара өткізді. Іс – шараның мақсаты – жасы келген үлкен кісілердің көңілін көтеріп, керемет атмосфера сыйлау болатын. Шара барысында спорттық шашки, шахмат, домино, бильярд секілді ойын түрлерінен студенттер және…

Семей медицина университетінде «Студент және ғылым» атты университетішілік студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

25 қазан 2019 жылы  күні Проф. Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия, гистология, қалыпты физиология және анатомия кафедраларының ұйымдастыруымен «Студент және ғылым» атты университетішілік студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция нәтижесі бойынша барлық баяндамашыларға қатысушылар сертификаттары мен дипломдар табысталды. Қалыпты физиология кафедрасы атынан 2 курс студенттері тезистер мен жұмыстарды ұсынды. Қалыпты физиология кафедрасы атынан қатысқан…

«Студент және ғылым» атты университетішілік студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2019 жылғы 25 қазан күні Морфологиялық корпуста анатомия, гистология, қалыпты физиология және Проф. Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедраларының ұйымдастыруымен «Студент және ғылым» атты университетішілік студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция  мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру және олардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету. Конференция келесі негізгі бағыттар бойынша өрбіді: Клиникалық анатомия және оперативті…

Біздің білім алушыларымыз Башкент университетінде

2019-2020 оқу жылы бойынша Семей медицина университетінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Түркия Республикасының Башкент университетімен стратегиялық әріптестікті жүзеге асыру шеңберінде конкурстық іріктеуден өткен «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері Диляра Баймурунова мен Камилла Рахимова 21 қазаннан бастап Башкент университетінде өз сабақтарына кірісіп кетті. Біздің білім алушыларымыз Башкент университетіне барғандағы алғашқы әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын білдірді.…