Мейіргер ісінің қыр-сыры

Біз 3328 топ студенттері Мұхаметали Қосанов пен Санжар Сейтбеков 26.05-23.06.2021 жылы ШҚО, Ұлан ауданы Ново-Канайка ауылында орналасқан Психиатриалық ауруханада мейірбикелік іс бойынша оқу практикасын өттік. Алғашқы күні Жүйке ауруханасының бас дәрігері А.Е. Рағызбаевамен жолығып бізге Ерлер-4 бөлімшесін тағайындап берді.  Сағат 8-де жұмысқа келіп, жұмыс күнімізді киім ауыстырудан бастадық. Халат, қалпағымызды және аяқ киімімізді ауыстырып, қолымызды…

Кітапханаға жазылу үшін 1 курс студенттерінде міндетті түрде болу керек

Құрметті оқырмандар! Кітапханаға жазылу үшін 1 курс студенттерінде міндетті түрде болу керек: Жеке куәлік; 3*4 фото – 1 дана; Kaspi банк арқылы оқырман формулярын рәсімдеу үшін 960 тенге. Сома қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы төленеді.    Кітапхана

29 тамызда Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толады

2021 жылғы 29 тамызда бүкіл әлемдік қоғамдастықтың даму тарихындағы әрі жаһандық антиядролық қозғалыстағы маңызды оқиға – Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына  30 жыл толады. Семей ядролық полигонында 456 ядролық сынақ жүргізілді, одан бір жарым миллионнан астам адам зардап шекті. 1991 жылғы 29 тамызда Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа…

Университетіміздің әскери кафедрасында далалық оқу жалғасуда

Университетіміздің әскери кафедрасында далалық оқу жалғасуда. Іс-шара барысында курсанттардың әскери намысын,  Отанға деген сүйіспеншілігін, патриотизмі мен туған жерін қорғаудағы батылдықты оятуына ерекше назар аударылады. Осыған байланысты 14 тамызда 1 взводтың курсанттары және кафедра оқытушысы, запастағы медициналық қызметтің подполковнигі А.В.Матыциннің жетекшілігімен  онлайн 3D форматында өткізілген   Нұр-Сұлтан қаласының «Әскери-тарихи» мұражайына барды.  Курсанттарға Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің дамуы…

Әскери кафедрада оқу-жаттығу жиындары өтуде

Әскери кафедрада оқу-жаттығу жиындары өтуде. Бұдан бөлек, кафедрада тәрбиелік және әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарына ерекше назар аударылады. 3 взвод курсанттары әскери кафедра оқытушысы м/қ подполковнигі Смагулов А.Т. жетекшілігінде онлайн форматта тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» Абай үй-мұражайына барып қайтты. Этнографиялық қызығушылық тудыратын экспонаттар курсанттарды Абай дәуірімен таныстырды. Үй-мұражай экспозициясы ұлы жазушы мен ғалымның өмірі мен шығармашылығымен таныстырады.

Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы

Абайдың шығармашылық мұрасы қазақ халқының тарихы мен мәдениетін байытып, оның ешқашан маңыздылығын жоғалтпайтын нағыз рухани игілігіне айналды. Ақын ретінде Абай қазақтардың суырып салма өнерінің тақырыбын кеңейтіп, оған түрлі жанр мен қалып енгізіп, классикалық поэзия деңгейіне көтерді. Абай Құнанбайұлының бай мұрасы әлемдік мәдениет тарихында тамаша құбылыс саналады. Көрнекті ойшылдың шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Қазақстан Республикасының…

ШҚО жергілікті атқарушы органдарының (ЖАО) гранттар конкурсына құжаттар қабылданады

Құрметті талапкерлер, сізде Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының (ЖАО) гранттар конкурсына қатысуға мүмкіндік туды. 2021-2022 оқу жылына ШҚО талапкерлеріне 41 грант бөлінді, оның ішінде білім беру бағдарламасы бойынша: В084 «Мейірбике ісі» – 10; В085 «Фармация» – 2; В086 «Жалпы медицина» – 16; В087 «Стоматология» – 5; В088 «Педиатрия» – 6; В089 «Қоғамдық денсаулық сақтау» -…

Курсанттар «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейін онлайн тамашалады

Оқу жиындарының курсанттарымен тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы тамыздың 7-сі күні 4 взвод курсанттары  әскери кафедра оқытушысы м/қ подполковнигі Такежанов А.С. басшылығымен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне онлайн барып қайтты. Курсанттар мұражай тарихымен және Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен тереңірек танысты. Сапар барысында ақынның өмірбаяны мен шығармалары талқыланды.

Семей медицина университетінің әскери кафедрасында оқу сабақтары өткізілуде

2021 жылдың 21 шілдесі мен 24 тамызы аралығында Семей медицина университетінің әскери кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттеріне арналған оқу сабақтары өткізіледі. Оқу-жаттығу жиынының басшылығы қазақстандық патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті, әскери жолдастықты, әскери намысты, батылдықты, батырлық пен әскери борышын өтеуге дайындық, тәрбие жұмысына үлкен көңіл бөледі. Оқу-жаттығу бөлімінің курсанттарымен тәрбиелік және әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарына…

Халықаралық офтальмология күнімен құттықтаймыз!

8 тамыз күні әлемде Халықаралық офтальмология күні аталып өтіледі. Бұл кәсіби мереке көрнекті офтальмолог әрі көз микрохирургы Святослав Федоровтың құрметіне бекітілген. Ол СССР-да алғаш рет жасанды көз бұршағын қою отасын сәтті жасаған, әлемде алғаш рет глаукоманы ерте кезеңде емдеу отасын жасаған, радиалды кератотомияны енгізумен айналысты, көз жанарын лазермен қалпына келтірудің енгізілуіне елеулі үлес қосты. Дәрігер-офтальмологтарға…