1 курс студенттеріне арналған адаптация тренингі өтті

2021 жылғы 24-ші қыркүйек күні Семей медицина университетінің психологы Айгерім Мухаметбековна «Жалпы медицина» мамандығының 1106 топ студенттеріне 1 курс студенттеріне арналған адаптация тренингін өткізді. Тренинг бағдарламасы бойынша танысу мен топ тұтастығына байланысты ойындар мен жаттығулар жүргізілді. Мұндай ойындар барлық қатысушылардың көңіл-күйлерін көтерді. Тренингтің мақсаты топ құра білуді үйрену, бірінші курс студенттерінің бір-бірімен танысу болды. Іс-шара…

Ғылым таппай мақтанба

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы – жоғары білімді мамандар даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қазіргі ғылымның көкейтесті міндеттерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Балалар жұқпалы аурулар кафедрасында СҒҮ өзінің алғашқы отырысын өткізді. Кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М конференцияның ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге ғылым мен білімде ізденіс пен…

Терапиялық стоматология кафедрасында президент жолдауы талқыланды

«СМУ» КеАҚ терапиялық стоматология кафедрасында 2021 жылдың 16 қыркүйегінде «Стоматология» мамандығының 4, 6 курс топтарында, 6 курс топ кураторлары мен тәлімгерлерімен ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылады. Жолдауда президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы кезеңге арналған басым мақсаттарын жария етті. Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесі туралы айтты, ол елде оны жақсарту керек деп санайды,…

Студенттік ректор лауазымына кандидат бол!

Құрметті СМУ студенттері! Студенттік ректор лауазымына конкурс жарияланатынын хабарлаймыз! Үміткерлер 3, 4, 5 курс студенттері қатарынан тағайындалады. 5-ші курс студенті тек алдағы 2 жыл көлемінде жұмыс жасауға уақыт таба алған жағдайда сайлауға қатыса алады.  1-ші кезең бойынша 2021 жылдың 21-30 қыркүйек аралығында үміткер өткізуі тиіс: – портфолио; – түйіндеме (үлгі бойынша); – үміткердің мемлекеттік тілді…

Мұражайға саяхат

2021 жылдың 17-ші қыркүйегінде медицинадағы ІТ кафедрасының оқытушысы, куратор Букатаева Алмагуль Бекеновнаның жетекшілігімен «Стоматология» мамандығы 1 курстың 1304, 1310 топ студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Туған жер» жобасы аясында тарихи өлкетану мұражайына саяхат жасады. Мұражай қызметкері көрме залымен таныстырып, студенттерге керемет әсер қалдырды. Қазіргі күні музей қорында 108 мыңнан артық жәдігер сақтаулы. Жаңартылған экспозициялар музейдің…

Кураторлық топпен алғашқы кездесу сағаты

Қыркүйектің 16-сы күні жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы Садыкова Лиза Кәдірханқызына бекітілген «Педиатрия» мамандығының 1330 кураторлық тобымен алғашқы тәрбие сағаты өткізілді. Топпен жан-жақты танысу жүргізілген соң, топ белсенділерін тағайындап, кураторлық топпен жүргізілетін тәрбие жұмысы жоспары таныстырылды. Топ студенттерінің көкейлерінде жүрген бірқатар мәселелер мен сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және…

Тәуелсіздік жетістіктері

14 қыркүйек күні жалпы білім беру пәндер кафедрасы және жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік жетістіктері» атты ашық сабақ өтті. Сайыс түрінде өткен ашық сабаққа “Қырандар” (2113 ОМ) және “Болашақ” (2310 ОМ) топтары қатысты.  Интеллектуалды жарыс үш турдан тұрды. 1-ші турда қос топқа блиц түрінде  15 сұрақ қойылды. 2-ші тур барысында командалар күрделі Тәуелсіздік, Қазақстан тарихына…

COVID-19 вирусының алдын алу шараларына орай санитарлы-ағартушылық жұмыс

2021 жылы қыркүйек айының 10-шы жұлдызында жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасында Семей медицина университеті 5434 топ студенттері ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларымен «COVID-19 вирусының алдын алу шараларына орай санитарлы-ағартушылық жұмыс» атты тақырыпта онлайн-конференция жүргізілді. Аталған конференцияда Құралай Асылханқызы баяндама жасады. Бұл баяндамада COVID-19 вирусының  қазіргі таңдағы жалпы статистикалық жағдайы мазмұндалды. Оның ішінде айта…

Тілге құрмет – елге құрмет

2021 жылдың 14 қыркүйек күні жалпы білім беру пәндері кафедрасының  оқытушылары Ш.Б. Кадирсизова, Н.М. Абешова, Ж.С. Кусаинова  Қазақстан халқы тілдері мерекесі аясында  «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтарының 1119, 1222, 1104, 1306  топ студенттерімен «Тілге құрмет – елге құрмет» атты  зияткерлік ойыны өтті. Шараның мақсаты – студенттердің қазақ тілін терең меңгеруге құштарлықтарын оятып, мемлекеттік тілдің кең қанат жаюына…

Семей медицина университеті «Фармация» мамандығы студенттерінің арасында «Қазақстанда фармация өндірісінің даму болашағын қалай елестетем?» атты университет ішілік студенттік эссе конкурсы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында м.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы  «Фармация» мамандығының студенттерін «Қазақстанда фармация өндірісінің даму болашағын қалай елестетем?» атты қазақ және орыс тілдерінде университет ішілік студенттік эссе конкурсына қатысуға шақырады. Конкурс биологиялық ғылымдардың кандидаты, кафедра доценті, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі Раиса Букейқызы Бекбосынованы еске алуға арналады.…