Студенттер университет мұражайын тамашалады

4 қазан күні 1102 медицина мектебінің білім алушы студенттері кураторымыз Қ.М. Белеуханова ұйымдастыруымен университет мұражайында болдық. Мұражай жәдігерлері қатарынан құнды материалдар мен М. Мәметоваға арналған  деректермен таныстық. Кітапханашы Р.С. Уссербаева жылы лебізбен қарсы алып, университетіміздің бетке ұстар елеулі профессорлар құрамы туралы көп мағлұмат берді. Университет жәдігерлері бізге мұра, келешекте тарих болып қалмақ.   Куратор К.М.…

Театр қойылымын тамашалады

«Жалпы медицина» мамандығының 3715 топ студенттері 9-шы қазан күні топ кураторы, Т.А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасының профессор міндетін атқарушысы, доценті Уразалина Найля Муратхановнамен бірге Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыка драма театрының “5 нәрсе” қойылымын тамашалауға барды. Қойылымды «Дариға-ай» жастар театры сахналады. Бұл театр 1999 жылы профессор Дариға Тұранқұлова мен ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,…

«Қыз Жібек» ұйымы мүшелерінің кездесуі

Қазан айының 8 күні университетіміздің №3 студенттер үйінде «Қыз Жібек» ұйымы жетекшілерінің ұйымдастырумен жатақханада тұратын қыз балалармен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді ұйымдастырудағы негізгі мақсат ұйым мүшелігіне қыз балаларды тарту және жатақханада тұратын қыз балалардың тәртібі мен тәрбиесі мәселесі төңірегінде әңгіме қозғау болды. «Қыз бала тәрбиесі – халықтың ең қымбат байлығы». «Қызды тәрбиелегенің – бір ұрпақты…

«Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы және мәслихат депутаттарымен өткен семинар- кеңес

Бүгін, 8 қазан күні, «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы бойынша жалпы білім беру пәндер кафедрасының меңгерушісі М.Д. Жороқпаева және оқытушылары М.С. Ибраемова, Р.Ж. Екібаев, Т.У. Жакипова, Н.Д. Аманбекова, Л.К. Садыковалардың ұйымдастыруымен «Nur Оtan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасы бірінші орынбасарының м.а. М.…

Президент жолдауы талқыланды

2021 жылдың 7 қазан айында СМУ гистология кафедрасында ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі” жолдамасын «Жалпы медицина» мамандығының 2209, 2215, 2318 кураторлық топтарымен кураторлық сағат өткізіп, талқылады. Ел Президенті Қ.К. Тоқаев 2021 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «Бірінші байлық –денсаулық» деп халқымыз бекер айтпағандығына және коронавирус…

Басқарушылық олимпиада – 2021 нәтижелері

Қазан айының 5-6 күні «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығынын 4 курс студенттеріне арналған Басқарушылық олимпиада – 2021 өтті. Олимпиада бағдарламасы 2 турдан тұрды. 1-ші турда барлық топ студенттері қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент бойынша жеке тестілеуден өтті. Екінші турда әрбір топтан 5 адамнан команда құрылды. Топтық кезеңнің тапсырмалары ретінде басқару дағдылары бойынша сөзжұмбақтар, тәжірибелік есептер және…

“Бес нәрсе” қойылымын тамашалау

2-ші қазан 2021 жылы Семей медицина университетінің 1106  топ “Жалпы медицина” 1 курс студенттері университеттің қолдауымен Семей қаласының Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрына басқа топ студенттерімен бірлесіп “Бес нәрсе” қойылымын тамашалап қайтты. Театрдан алған әсерлері сөзбен жеткіліксіз. Тек қана көңіл көтеріп емес, сонымен қатар тәрбиелік мәні бар білім алып қайтты. Бірінші курс студенттері университет қолдауын…

Мұқтаж жанға көмек

2-ші қазан 2021 жылы Семей медицина университетінің 1106-топ “Жалпы медицина” 1 курс студенттері университеттің еріктілер клубымен бірлесіп мұқтаж жанға көмек қолын созды. 1106 топ студенттерінің бұл іс-шараға қатысу мақсаттары: – қоғам өмірін жақсарту; – мұқтаж жанға көмек беру; – балалардың қуанышына себеп болу. Топ студенттері болашақта тағы да көптеген еріктілер жұмыстарын атқаруды көздеп отыр. «Жақсылық…

Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!

Құрметті мейірбике ісі кафедрасы ассистенттерін бүгінгі ұстаздар күнімен құттықтаймыз! Сіздерді бәріміздің қамқоршымыз, жылы жүректі ұстаздарымыз болғандарыңызға мақтан етеміз! Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, бізді сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылдарыңызбен тәрбиелегендеріңіз, әрқайсымыздың өмірден өз орнымызды табуымыз үшін берген ақыл – кеңестеріңізге мың да бір рахмет айтып, шәкірттік ықыласымызды білдіргіміз келеді. Үлкен…

Топ студенттерінің алғашқы психологиялық тренингі

«Педиатрия» мамандығының 1330 тобы, топ кураторы Садыкова Лиза Кадірханқызының жетекшілігімен, университетіміздің психологы Асылбекова Айгерим Мухаметбековнаның қабылдауында болды. Атаулы кездесуді ұйымдастырып, психологиялық тренинг өткізудегі мақсат топ студенттерінің топ арасындағы қарым-қатынастарының жай-күйін анықтау, олардың бір-біріне қаншалықты бейімделіп, үйреніскендігін бақылау. Сонымен қатар, олардың арасындағы қатынастарының одан ары нығаюына, топ студенттерінің бірін-бірі жақынырақ тануына, топ алдында өзін еркін ұстап,…