Қалыпты физиология кафедрасының іс- шара жоспары «КОРОНАВИРИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ» атты дәріс

Қалыпты физиология кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне  дәрігер инфекционист Жанар Бақытжанқызы Исабекова мен кездесу өткізілді. 2022 жылдың 5 мамырында қалыпты физиология кафедрасының іс- шара жоспарын сай бүгінгі таңда пандемияға байланысты COVID-19 «Коронавирирусты инфекцияның адам ағзасына әсері»  атты дәріс өткізілді. Бұл іс-шараға  КеАҚ «Медициналық Семей университеті» жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының дәрігері инфекционист  Исабекова Жанар Бақытжанқызы шақырылып,…

Достар, құрметті түлектер! Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдауды бастаймыз!

💻Тіркелу: 2022 жылғы 28 сәуір (18:00) мен 14 мамыр аралығында app.testcenter.kz сайтында ⏳ҰБТ өткізу мерзімі: 2022 жылғы 16 мамыр – 5 шілде. 📍Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеуден өту ОРНЫН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды. 👍Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде Сіз тестілеуді 2 рет тапсыра аласыз және ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса…

М. МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ

Осы аптада медицинадағы IT оқытушы куратор А.Б. Букатаеваның ұйымдастыруымен М.Мәметова атындағы университет мұражайына саяхат ұйымдастырылды. Мұражайға келудің мақсаты шетел топтарының студенттерін қазақ қызы Ұлы Отан соғысының батыры Мәншук Мәметовамен таныстыру болды. Саяхат барысында студенттер соғысқа қатысқан батырлармен, олардың жәдігерлерімен және куәліктерімен таныса алды. Сондай-ақ, Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының батырлары туралы ағылшын тіліндегі бейне…

Шетел студенттері Абай мұражайына барды

1502 тобының студенттері Абай мұражайына барып, Ұлы ақынның шығармашылығы мен биографиясымен танысты. Білім алушылар мұражайда Абайдың туып-өскен жері жөнінде ақпарат алды. Ақынның шет тілдеріне аударылған еңбектерімен танысты.

Мұражайға саяхат

5 сәуір күні 1501, 1509 топтарының студенттері Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Мәдениет ошағына барудағы мақсат – қала тарихымен, мәденетімен етене танысу. Студенттер сапар барысында Семейдің бай тарихына қанық болды, қазақтың материалдық және рухани мәдениетімен сусындады.

Шетелдік студенттер Наурыз мерекесін тойлады

1501, 1502, 1503 топтарының студенттері Наурыз мерекесінің қарсаңында аталған мейрамды атап өтуге арналған іс-шара ұйымдастырылды. Мереке барысында студенттер Наурыз мерекесінің тарихымен танысып, қазақтың салт-дәстүрлері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, шетелдік студенттер қазақтың дәстүрлі тағамдарын татты.

Тәуелсіз еліміздің болашағы – біздің қолымызда

Тәуелсіздік алғаннан бері отыз жыл бойы Қазақстан ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру жолымен сенімді әрі бұлжытпай жүріп келеді. Іс жүзінде елімізде қазақстандықтарға лайықты және бақытты өмір сүруге – сапалы білім алуға, жоғары білікті медициналық көмек алуға, еңбек етуге, табыс табуға, балаларды…

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және медицина биофизика» пәндер бойынша университетішілік пәнаралық олимпиада

«Семей Медицина университеті» КеАҚ медицинадағы IT кафедрасы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және медицина биофизика» пәндер бойынша университетішілік пәнаралық олимпиада ұйымдастырып, барлық мамандар 1 курс студенттерін қатысуға шақырады. Олимпиада өткізу уақыты: 2022 ж. 17 мамыр. Іс-шараның форматы Ережеде (1-қосымша) сипатталған. Олимпиада қазақ , орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі Қатысуға өтінімдер  https://forms.gle/S8Cv35hKh14CDzSi8   сілтемесі бойынша 2022 жылдың 15 мамырына дейін…

9 – мамыр Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты өткізілді

Жеңіс күні 9 мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Шет елдік студенттерге патриоттық тәрбие беру, үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында…

«Ұрппаққа ұран болған ұлы Жеңіс» атты ерлік сабағы

3- мамыр күні Әскери кафедрасымен бірлесе «Ұрппаққа ұран болған ұлы Жеңіс» атты ерлік сабағы өтті. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымыздың ерлігі туралы өткен шарада, студенттер назарына «Ешкім де ешқашанда ұмытылмайды» атты деректі бейне материал  көрсетіліп, көпшілікке беймәлім болып келген тың материалдар слайд көрсетілімдері арқылы ұсынылды. Әскери кафедраның меңгерушісі,  полковник Орынбасаров Шынғыс…