Кәсіби мереке қарсаңында

14 маусым күні Өскемен қаласында «Ертіс» концерт залында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Кәсіби мереке құрметіне еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің, ведомствоның облыстық бөлімшесінің атынан Абай облысының жетекші медицина қызметкерлері Құрмет наградаларымен марапатталды. Сондай-ақ, «Семей медицина университеті» КеАҚ басшылығы атынан «Құрметті түлек» төсбелгісімен өз мамандығы бойынша ерекше еңбегі бар, практикалық денсаулық сақтау мен медициналық…

ҚЫМБАТТЫ ТАЛАПКЕР!

🏛️ Семей медицина университеті 2022 жылдың 20 маусымында сағ 9.00 де талапкерлерді қабылдау комиссиясының салтанатты ашылуы өтетінін хабарлайды! 🔥Университетке түсу үшін құжаттарды қабылдау науқанының басталуына санаулы күндер қалды. 📚Қабылдау бөлімінің қызметкерлері білім беру бағдарламалары, гранттар, талапкерлерге арналған жеңілдіктер және т.б. сұрақтар бойынша кеңес беретін болады. Бізге кез-келген уақытта хабарласыңыз: Біздің мекен-жайымыз: Семей қаласы, Абай Құнанбаев…

Академиялық ұтқырлық

Құрметті Семей медицина университеті студенттері, Сіздерге халықаралық серіктес университеттерінің бірінде (Түркия, Ресей) өз қаражатыңызға бір семестр бойы (2022 ж. күзгі семестрі) академиялық ұтқырлықтан өту мүмкіндігі бар екенін қуана хабарлаймыз. Академиялық ұтқырлық үшін конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін қажетті құжаттар: 1) Транскрипт 2) IELTS сертификаты (бар болса) Байланыс: smu.partnership@nao-mus.kz, 127 каб.

Discussion from both public health and clinical medicine focusing on the elderly

Құрметті «Семей медицина университеті» КеАҚ психиатрия, қоғамдық денсаулық сақтау, патологиялық анатомия және сот медицинасы, жақ-бет және пластикалық хирургия кафедраларының профессорлары мен оқытушылары, сондай-ақ «Жалпы медицина» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алушылар! 2022 жылы 19 маусым Алматы уақыты бойынша сағат 12:00 «Discussion from both public health and clinical…

Қазақстанның болашағы-біздің қолымызда

Конституциялық реформалар бойынша жалпыреспубликалық референдум өз соңына таяды. Бұл күні барлық қазақстандықтар бүкіл қоғамның, әсіресе, болашақ ұрпақтың игілігі үшін елдің болашақ даму бағытын айқындайды. Осы тарихи сәтте «Семей медицина университетінің» КеАҚ профессорлық-оқытушылық құрамы дауыс беруде бір ұжым болып қатысып, өзінің белсенді азаматтық ұстанымын, бірлігін және жаңа жетістіктерге деген ұмтылысын көрсете білді. Дауыс беруге ұжым 100%…

Балалар – біздің болашағымыз!

2022 жылдың 31 мамырында жалпы дәрігерлік практика кафедрасында “Балалар – біздің болашағымыз” тақырыбында 726 ЖДТ топ интерндерінің қатысуымен талқылау өткізілді. Кездесу барысында жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ассистенті Жақсылықова Айнұр Жұмашкенқызы сөз сөйледі. Интерндер тақырыпты белсенді және эмоционалды түрде талқылап, болашаққа деген өз пікірлері мен ұстанымдарын білдірді, өйткені балалар – бұл біздің үміттерімізді жүзеге асыру, біз…

Парламент Мәжілісі депутатының «СМУ» КеАҚ ұжымымен кездесуі

2 маусымда «Семей медицина университеті» КеАҚ–ға жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Парламент Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Амерхан Рахымжанов келді. Сондай-ақ, кездесуге Семей қаласы бойынша «Аmanat» партиясының атқарушы хатшысы Қайрат Қаханов, сондай-ақ Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев қатысты. Жұмыс сапары барысында қонақтарға ЖОО-ның мүмкіндіктері мен артықшылықтары көрсетілді. Университет кітапханасының, оқу…

Тарихи естеліктер…

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында өскелең ұрпақтың рухани құндылықтарын дамыту, мұралармен танысу мақсатында 27 мамыр 2022 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының басшысы медицина қызметінің полковнигі Орынбасаров Шыңғыс Оразмухаметович  және оқытушы медицина қызметінің подполковнигі  Смаилов Нұрбек Саденовичтің бастауымен 7 взвод курсанттары «Радиотехника және байланыс» колледжінің Байланыс мұражайын тамашалады. Мұражайды аралау кезінде  19-…

Шын жүректен жасалған игі істер

Семей Медицина университетінің’ ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары мен Стоматология мамандығының 1-ші курс студенттері 1-ші маусым балаларды қорғау күніне орай қаламыздағы көпбалалы отбасына барып қайтты. Олар сол отбасына сыйлықтар әкеліп, осындай мейрамда балаларды қуантып, ата – аналарына жылы сөздерін айтып демеді. Қиналғанға қол созу – адамгершіліктің белгісі.…