2021 жылы 12-қараша күні «Абайтану» клубының жетекшісі Жайырбаева Жаңанұр Қамбарқызының ұйымдастыруымен және клуб белсенділері «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 101, 102 топ студенттері «Абай» кітапханасында өткен «Дені саудың – жаны сау» атты тренинге қатысты. Кештің қонағы ретінде Семей қаласының «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК директорының емдеу-диагностикалық жұмыс жөніндегі орынбасары және PhD докторы Жабагин Қуантқан Талғатұлы шақырылды. Тренинг барысында онкология туралы өзекті сұрақтар талқыланып, студенттер көптеген жаңа мағұлматтар алды. Сонымен қатар, еліміздің медицинасы, цифрлы медициналық технологиялар, дәрігердің қоғамдағы рөлі, дәрігердің пациентпен қарым-қатынасы туралы сөз қозғалды. Студенттер тренингке белсене қатысып өз пікірлерін, ойларын жеткізіп отырды. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» демекші Қуатқан Талғатұлы студенттерге адамгершілік ақылын, кеңесін айтып, болашаққа бағыт-бағдар берді. Қатысушылар онкология жайлы қызықты ақпараттар біліп, білім көкжиегін кеңейтті.
«Абайтану» клубының жетексіші: Жайырбаева Жаңанұр Қамбарқызы
«Абайтану» клубының белсенділері: 101, 102 топ студенттері, Сайлаугалиева Фарида, Бейсенова Айзада