28.04.18 жылы қазақ және латын тілдері кафедрасының меңгерушісі М.Д.Жорокпаеваның басшылық етуімен 309 жалпы медицина мамандығы студенттері Жакия Шайжунусов атындағы электондық колледжде волонтерлық жұмыспен «Қызым, саған айтам…» атты іс-шара ұйымдастырды.
Жұмыстың мақсаты:
– қыздарды тәрбиелеуде моральдық мәселелерді көтеру;
– ұлттық құндылықтарды насихаттау;
– медициналық көмек көрсету.
Аталған мақсатқа сәйкес 309 ж/м студенттері «18 жасқа дейінгі жүктілікке шалдықпаудың алдын алу» шараларымен таныстырды. Болашақ дәрігерлер түсік тақырыбын көтеріп және болшақ ананың денсаулығына мән беру керектігін баса назарға алды. Ерте жүктіліктің алдын алу шараларын ұсынды. Ақпараттар бейнефильм, сауалнама, сызба-кестелер түрінде берілді. Іс-шараға қалалық ЖОО-ның психологтары мен жергілікті полициия инспекторы да қатысып, мәлімет, кеңестерімен бөлісті.