«30 кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына»

Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Осы акция аясында «30 кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атты танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді.

Поэзия: Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан», Жүмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным», Ұлықбек Есдаулет «Киіз кітап», Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы», Тоқтарали Таңжарык «Түн парақтары», Бақытжан Канапьянов «Достояние души».

Проза: Тынымбай Нұрмагамбетов «Періштелердің өлімі», Тобык Жармагамбетов «Отамалы», Сауле Досжан «Қасірет пен тағдыр», Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет», Даурен Қуат «Бөрісоқпақ», Тұрысбек Саукетай «Желқайық».

Драматургия: Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр», Дулат Исабеков «Жеті желкен», Мадина Омарова «Көмбе нанның дәмі», Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі», Думан Рамазан «Пешене», Сая Касымбек «Жанталас».

Балалар әдебиеті: Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар», Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек», Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити», Толымбек Абдырайым «Алабұға аулаған күн», Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу», Мади Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».

Аудармалар:  Юсупов Кенес,  Габриель Гарсиа Маркес  «Жүз жылдық жалғыздық»,  Адетов Бекболат, Эрих Мария Ремарк  «Аманат өмір», Ахметов Адил, Агата Кристи «Ғайып болған миллион», Меллат Толеген, Халид Хусейн  «Жарқыраған мың күн»,  Мазен Динара, Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме», Кұрметұлы Амангелді, Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы».

Акцияның мақсаты –  әдебиеттерді  насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру,  сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.