«Ғылым және денсаулық сақтау» журнал (ISSN 2410 – 4280) 1999 негізі салынды. Құрылтайшы «Семей медицина университеті» КеАҚ. Журнал клиникалық медицина мен қоғамдық денсаулықпен байланысты бірегей зерттеулер нәтижелерін, әдеби шолуларды, кең шеңберлі сұрақтар бойынша конференциялар туралы қысқа мәлімдемелер мен есептерді жариялайды. Биомедициналық ғылыми қоғамдастық, тәжірибелік дәрігерлер, медицина мен қоғамдық денсаулық саласындағы докторанттар мен магистранттар журналдың негізгі оқырман аудиториясы болып табылады.

Журнал ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасының БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау бойынша Комитетімен ұсынылған ғылыми басылымдар Тізімдемесіне кіреді (Бұйрық №1033 05.07.2013ж.)

Ulrich’s Periodicals Directory, Global Health, CAB Abstracts, InfoBase Index, Directory of Research Journals Indexing, Ғылыми дәйектеу Ресейлік индекс (РИНЦ), E-library.ru. – Ғылыми электронды кітапханаға, Cyberleninka.ru, NSD (Norwegian register for scientific journals), Ресей Ғылым академиясының бүкілресейлік ғылыми және техникалық ақпарат институты (РҒА БҒжТАИ), Мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат Ұлттық орталығының қазақстандық дәйексөз базасы, Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапхана,Council for Nutritional and Environmental Medicine (CONEM), Ресей сандық стандарттау агенттігі (РССА), DataBase Indexing, ICI World of Journals – отандық және халықаралық индекстелетін мәліметтер базасына енгізілді.

Мақалаларды толық мәтінді түрде үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) жариялайды. Редакция осы тілдердің кез келгенінде қолжазбаларды қабылдайды. Журнал өз жұмысында халықаралық жұмыс стандарттарын (ICMJE) және қатаң этикалық қағидаларды (COPE) ұстанады және мақалаларды таңдауда екіретті көмескі рецензиялауды қолданады.

07.09.2020 жылғы Ресейлік ғылыми дәйексөз индексінің есептік деректері бойынша осы базаға енгізілген 49 қазақстандық медициналық журналдың ішінде “Ғылым мен Денсаулық Сақтау” ғылыми-практикалық медициналық рецензияланатын журналы тағы да жетекші орын алды – 1 орын, Импакт фактор көрсеткіші – 0,277.

Біздің журналдың e-Library – де жарияланған 748 жарияланымының 911-і бізге дәйексөз келтірді. “Медицина және денсаулық сақтау” тақырыбы бойынша Science Index РИНЦ жалпы рейтингінде журналдың көрсеткіші 0,105-тен 0,545-ке дейін өсіп, 142-орынға ие болды.

Журналдың бес жылдық импакт-факторы көрсеткішінің 2018 жылғы 0,244-тен 2019 жылы 0,277-ге дейін өсуі байқалды.

Дәйексөз журналдары бойынша Херфиндаль индексі 801-ге дейін төмендеді. Хирштің он жылдық индексі үш жыл бойы 11-ге тең.

Журналдың жарияланымдық белсенділігін талдаумен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://elibrary.ru/title_profile.asp?id=38451

Мақалалар журналдын ресми сайт немесе электронды поштамен selnura@mail.ru беріледі.

Қолжазбаны ұсынар алдында авторлардың ережелерімен мұқият танысыңыз.

Мақалаларды рецензиялау мерзімі – 4 – тен 8 аптаға дейін

Мақалаларды жариялау мерзімі – 8 – 16 апта.

Журналдың басылу уақытылығы екі айда бір рет, жылына 6 нөмір басылымға өтінілген мерзімділік шығуына сәйкес келеді.

2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі нөмірлердің толық мәтінді архиві E-Library, CyberLeninka, КазБЦ, РҒА БҒжТАИ, РССС репозиторийлері, ICI World of Journals, Ғылыми электрондық кітапханасында және журналдың ресми сайтында бар. Pdf форматында тегін жүктеу мүмкіндігімен мақалалардың толық мәтіндеріне қол жеткізу. Әрі қарай дәйексөз алу үшін мақалада көрсетілген библиографиялық сілтемені пайдаланыңыз.

Байланыстар:

Журналдың ресми сайтыhttps://newjournal.ssmu.kz/

Ғылыми-баспа жұмысы жөніндегі маман – Сапаргалиева Эльнура Фазыловна (elnura.sapargaliyeva@smu.edu.kz, selnura@mail.ru)

Тел. 8 722 2 54-66-08