Резидентураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен адамдарға, резидентураның тиісті мамандығы бойынша «дәрігер» біліктілігі беріледі және резидентураны бітіргені туралы куәлік беріледі.
Резидентураға қалай түсуге болады?
1-қадам. Қабылдау комиссиясына өтініш пен құжаттарды тапсыру – күнтізбелік жылдың 03-25 шілдесі аралығында:
1) Басқарма Төрағасы – Ректордың атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білім туралы құжат + дипломға қосымша (нотариалды расталған);
3) интернатураны бітіргені туралы нотариалды расталған куәліктің көшірмесі;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) 3×4 сантиметр көлеміндегі 6 (алты) фотосурет;
6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (фотосурет міндетті түрде), АИТВ / ЖИТС талдау нәтижелері, В, С гепатиті;
7) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
8) еңбек кітапшасы (егер жоқ болса, онда жаңа);
9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
10) құжаттарды сақтауға арналған байламдары бар папка;
11) А5 форматты конверт (фотосуреттер мен еңбек кітапшасын сақтау үшін);
12) ақылы негізде оқуға түсетін оқу шығындарын төлеу және шарт жасасуға кепілдік беретін хат.
Құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
2-қадам. Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханынан өту – күнтізбелік жылдың 08-16 тамыз аралығында.
3-қадам. Қабылдау – күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін.
Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі | Мамандықтың шифры | Мамандықтың атауы |
---|---|---|
Оқу мерзімі - 2 жыл | ||
R002 | 7R09102 | Ревматология, оның ішінде балалар ревматологиясы |
R008 | 7R09108 | Эндокринология, оның ішінде балалар эндокринологиясы |
R011 | 7R09111 | Жұқпалы аурулар, оның ішінде балалар жұқпалы аурулары |
R012 | 7R09112 | Дерматовенерология, оның ішінде балалар дерматовенерологиясы |
R013 | 7R09113 | Психиатрия, оның ішінде балалар психиатриясы |
R014 | 7R09114 | Сәулелік диагностика |
R015 | 7R09115 | Сәулелік терапия |
R024 | 7R09124 | Онкология (ересектер) |
R037 | 7R09137 | Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы |
R030 | 7R09130 | Педиатрия |
R034 | 7R09134 | Сот-медициналық сараптама |
R003 | 7R09103 | Аллергология және иммунология, оның ішінде балалар аллергологиясы және иммунологиясы |
R004 | 7R09104 | Гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы |
R007 | 7R09107 | Пульмонология, соның ішінде балалар пульмонологиясы |
R039 | 7R09139 | Терапия |
R038 | 7R09138 | Отбасылық медицина |
R031 | 7R09131 | Неонатология |
Оқу мерзімі - 3 жыл | ||
R001 | 7R09101 | Кардиология, оның ішінде балалар кардиологиясы |
R036 | 7R09136 | Жалпы хирургия |
R017 | 7R09117 | Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиология және реаниматология |
R025 | 7R09125 | Травматология-ортопедия, оның ішінде балалар травматологиясы-ортопедиясы |
R027 | 7R09127 | Офтальмология, соның ішінде балалар |
R032 | 7R09132 | Акушерлік және гинекология, соның ішінде балалар |
R023 | 7R09123 | Балалар хирургиясы |
R026 | 7R09126 | Урология және андрология, оның ішінде балалар урологиясы |
R021 | 7R09121 | Жақ-бет хирургиясы, оның ішінде балалар |
R041 | 7R09141 | Жедел және шұғыл медициналық көмек |