Магистратураға кешенді тестілеуге өтініш ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 1 маусым-15 шілде аралығында қабылданады. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік электронды түрде тестіленушінің жеке кабинеті арқылы беріледі.
Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес, шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі бар тұлғалар келесі тілдер бойынша магистратураға КТ-да шет тілі бойынша тестінен босатылады:
ағылшын тілі:
International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 6,0;
IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор), шекті балл – кемінде 6,0;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 543;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 60;
TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) Test of English as a Foreign Language Paper-based testing, шекті балл – кемінде 498;
Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест), шекті балл – кемінде 95;
CEFR (Common European Framework of Reference – СиИэФаР (Коммон Юуропиан Фреймуорк Ов Рефэрэнс), шекті балл – В2;
неміс тілі:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, NiveauC1/С1 деңгейі),
TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (NiveauC1/С1 деңгейі);
француз тілі:
Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес),
Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі),
Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі),
Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).
Ұсынылған сертификаттардың түпнұсқасы мен қолданылу мерзімі ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларымен тексеріледі.
Магистратураға түсушілер өтініште білім беру бағдарламаларының бір тобын және 3 ЖЖОКБҰ-ға дейін көрсетеді.
КТ, түсу емтихандарының нәтижелері олар өткізілген күні жарияланады.
Құжаттар тізімін жүктеу