- «Семей медицина университеті» КеАҚ-на кім түсе алады?
Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар.
- «СМУ» КеАҚ бакалавриатқа қалай түсуге болады?
1. Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) өту.
2. Психометриялық емтихан тапсыру.
3. Грант конкурсына қатысу.
4. «СМУ» КеАҚ-ның қабылдау комиссиясына қабылдау үшін құжаттарды тапсыру.
- ҰБТ қанша рет өткізіледі?
ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі: қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында. Тек маусым ҰБТ қорытындысы бойынша талапкерлер мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатыса алады.
- ҰБТ-ны кім тапсырады?
- ағымдағы жылғы мектеп түлектері;
- өткен жылдардағы мектеп түлектері;
- мемлекеттік білім гранттарын алуға үміткер колледж түлектері;
- халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған түлектер және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, шетелде оқыған ұлты қазақ тұлғалар.
- Колледж түлектері ҰБТ тапсырама, КТА емес пе?
- туыс емес мамандық бойынша мемлекеттік білім грантын алуға үміткер колледж түлектері жалпы негізде ҰБТ тапсырады 5 пән бойынша.
- ұқсас мамандық бойынша мемлекеттік білім грантын алуға үміткер колледж түлектері 2 пән бойынша ҰБТ тапсырады.
- ҰБТ-ға өтініш қабылдау кезені қашан басталады?
Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты ҰБТ-ға қатысу үшін өткен жылдардағы мектеп бітірушілері мен колледж бітірушілеріне өтініш беру мерзімі ағымдағы жылдың 20 сәуірінен 10 мамырына дейін қабылданады.
Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдары түлектерінің және шетелде оқыған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың өтініштері ағымдағы жылдың 20 сәуірінен 10 мамырына дейін қабылданады.
- Маусым айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін не істеу керек?
1. Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) testcenter.kz сайтында алдын ала өтініш беру (ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап іске қосылады).
2. Сканерленген құжаттарды ЖОО-ның қабылдау комиссиясының admission@nao-mus.kz электрондық поштасына жіберу.
3. Карантин алынып тасталғаннан кейін «СМУ» КеАҚ-ның қабылдау комиссиясына өтініш пен құжаттардың түпнұсқаларын тапсыру.
4. ҰБТ басталғанға үш күн бұрын «СМУ» КеАҚ-ның қабылдау комиссиясынан рұқсат қағазын алу (жеке куәліктің түпнұсқасын ұсынғаннан кейін беріледі).
- ҰБТ-ға қатысу үшін қабылдау комиссиясына қандай құжаттар тапсыру қажет?
- белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш (ЖОО-да беріледі);
- орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (түпнұсқа);
Ескерту:
- ағымдағы жылы бітірген колледж түлектері білім туралы құжаттың орнына ағымдағы жылы оқуды аяқтағаны туралы анықтаманы белгіленген нысан бойынша ұсынады (Біздің ресми сайтымыздан Түсу-Бакалавриа-Қажетті құжаттар тізімі бөлімінен көшіріп алуға болады);
- халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде оқыған мектеп түлектері және шетелде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ күнтізбелік жылы түлектері аттестаттың немесе дипломның орнына өзі еркін нысанда оқитын орта білім беру ұйымынан анықтаманы және осы анықтаманың нотариалды расталған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсына алады.
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- электрондық форматтағы 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
- көлемі 3х4 см 2 фотосурет;
- тестілеу өткізу үшін төлем туралы түбіртек;
- А4 форматты 1 конверт.
- ҰБТ-ға қатысу қанша тұрады және қайда төлеуге болады?
ҰБТ-ға қатысу үшін төлемді Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің барлық кассаларында жүргізуге болады.
Төлемнің атауы – «Кешенді тестілеу үшін».
Сондай-ақ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ терминалдары арқылы ғана төлем жасауға болады (реквизиттерді жүктеу).
ҰБТ өткізу құны – 2242 теңге.
- ҰБТ-да қандай пәндер тапсырылады?
- Қазақстан тарихы;
- Математикалық сауаттылық;
- Оқу сауаттылығы – оқу тілі;
- Биология – 1 бейінді пән;
- Химия – 2 бейінді пән.
- ҰБТ қашан өткізіледі?
Ағымдағы жылдын 20 маусым – 05 шілде аралығында.
- Грант конкурсына кімнің басым құқығы бар?
Білім беру грантын беруге арналған конкурс өткізілген кезде, ҰБТ-да баллдар тең болған жағдайда басым құқық мынадай кезектілік бойынша беріледі:
1) «Алтын белгi» белгiсімен марапатталған тұлғалар;
2) біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар колледж түлектері;
3) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары;
жалпы білім беретін пәндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) өздері таңдаған мамандығы олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда ағымдағы оқу жылының жеңімпаздары;
4) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары;
5) бірінші және екінші топтардағы мүгедектер, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, мүгедек балалар;
6) үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар тұлғалар.
- Грант конкурсына қатысу үшін қанша балл жинау қажет?
«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде әр пән бойынша – кемінде 5 балл жинау қажет.
- Гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау кезені қашан босталады?
Білім беру грантын беруге арналған конкурсына өтініш қабылдау:
республикалық бюджет қаражаты есебінен (мем. грант): ағымдағы жылдың 13.07 – 20.07 аралығында
жергілікті бюджет қаражаты есебінен (облыс әкімінің гранты): ағымдағы жылдың 05.08 – 10.08 аралығында.
- Грант конкурсына қатысу үшін қандай құжаттар тапсыру қажет?
Білім беру грантын беруге арналған конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш (ЖОО-да беріледі);
2) білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасын ұсыну қажет);
3) ҰБТ сертификаты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
4) 086-У нысанындағы медициналық анықтама электрондық форматта;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- «Психометрикалық емтихан» деген не?
Психометриялық емтихан компьютерлік диагностика құралдарына жататын, арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы, компьютерде тестілеу түрінде өтедін арнайы емтихан. Психотестердің негізгі мәні – кәсіби бағдар, кәсіби іріктеу. Тестілерді тексеру және нәтижелерді талдау толығымен компьютерленген.
- Психометрикалық емтиханді кім тапсырады?
«Жалпы медицина», «Педиатрия», «Стоматология», «Мейіргер ісі» жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға түсуге ниет білдірген тұлғалар.
- Психометриялық емтихан қайда және қашан тапсыра аламын?
Арнайы емтиханды тапсыру үшін өтініштерді қабылдау денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының немесе ЖЖОКБҰ медициналық факультеттерінің орналасқан жері бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 24 тамызына дейін жүзеге асырылады.
Арнайы емтихан мемлекеттік грант беруге арналған конкурсқа құжаттар беретін тұлғалар үшін күнтізбелік жылдың 8-13 шілде аралығында өткізіледі, ақылы негізде түсетін адамдар үшін – 1 тамыздан бастап.
- Психометриялық емтихан тапсыру үшін қандай құжаттар қажет?
Психометриялық емтиханға қатысу үшін сайтта келесі құжаттарды pdf форматында тіркей отырып, онлайн-өтінімді толтыру қажет:
1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) ҰБТ сертификаты (бар болса).
- Түсу үшін құжаттарды қай күнге дейін тапсыруға болады?
Ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін.
- Жылына оқу ақысы қанша болады?
Бакалавриаттың барлық факультеттерінде оқу құны жылына 800.000 теңге.
«Мейіргер ісі» қысқыртылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу ақысы жылына 300.000 теңге.
Университетте икемді төлем жүйесі және әрқайсысына жеке көзқарас жұмыс істейді.
- Сізде жеңілдіктер бар ма?
Өкінішке орай жоқ.
- Сізде әскери кафедра бар ма?
Әскери кафедра бар. Әскери кафедраға оқуға қабылдау үшін 2 курс студенттері конкурстық іріктеуден өтеді (психотест, медициналық тексеру, дене дайындығы және үлгерімі бойынша нормативтерді тапсыру және т.б.).
Әскери дайындықты оқытудың мақсаты – ҚР Қарулы Күштері үшін соғыс уақытында, келесі лауазымдарда міндеттерді орындауға қабілетті, запастағы медициналық қызмет офицерлерін даярлау:
а) «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірген студенттер – медициналық рота дәрігерін, медициналық бөлімінің, мекеменің дәрігерін;
б) «Жалпы стоматология» факультетін бітірген студенттер – медициналық рота дәрігерін, медициналық бөлімінің, мекеменің дәрігерін.
- ЖОО келген студенттерге жатақхана бере ме?
Жатақхана бюджеттік және келісім шарт негізінде барлық мамандықтарға түскен басқа қаладан келген студенттерге беріледі.
- Жатақханада тұру айына қанша тұрады? Қандай құжаттар қажет?
Ақылы қызмет көрсету бағасының Прейскурантына сәйкес, жатақханаға тұру айына 8400 тнг құрайды.
Құжаттарды ресімдеу және жатақханаға орналастыру, университетке қабылдағаннан кейін, 26 тамызынан басталады.
Жатақханаға жолдама алу үшін тұруға өтініш беру қажет.
Жатақханаға келесі құжаттарды ұсыну қажет:
– қоныстануға жолдама (түпнұсқа);
– деканның визасымен тұруға өтініш (түпнұсқа);
– тұру үшін төлем туралы түбіртек (көшірме);
– жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);
– педикулездің жоқтығы туралы мед. анықтама (педикулездің бар-жоғына медициналық тексеру университеттің медициналық пунктінің қызметкерлерімен жүргізіледі).
- Академиялық ұтқырлық бар ма?
Иә, біздің ЖОО-да академиялық ұтқырлық бойынша 2 курстан оқуға мүмкіндік бар. Ішкі (Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында) және сыртқы академиялық ұтқырлық (Түркия, Анкара қ., Baskent University, Ресей, Мәскеу қ., Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық медициналық зерттеу университеті және т.б.) бар. Сондай-ақ болашақта Нагасаки университетінде (Жапония) апат медицинасы және радиациялық әсер ету саласындағы магистратура бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік бар.
- Ағылшын тілінде оқу мүмкіндігі бар ма?
«Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтары бойынша ағылшын тілінде оқитын топтарда оқуға мүмкіндік бар. Ол үшін университетке қабылданғаннан кейін конкурсқа қатысу үшін 28 тамызға дейін өтініш жазу қажет. Ағылшын бөліміне қабылданудың басым құқығына халықаралық сертификаттары бар, ағылшын тілін меңгергендігін растайтын талапкерлер ие: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – 59-дан кем емес), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – 5.0-ден кем емес); «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Білім инновация лицейі» АҚ-ның түлектері, ағылшын тілінен халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, Intermediate жоғары деңгей сертификаттарының иегерлері.
- Білім беру грантын өтеу керек пе?
ҚР-ның «Білім туралы» Заңның 47-бабының 17-тармағына сәйкес:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын аяқтағаннан кейін міндетті үш жылдық жұмысты өтеу мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған азаматтарға жүктелген:
- квота шегiнде педагогтік, медициналық және ветеринарлық мамандықтар бойынша ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде не мемлекеттік ветеринария ұйымдарында;
- білім беру грантын педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында;
- білім беру грантын барлық басқа мамандықтар бойынша меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (2017 жылдан бастап оқуға түскендер, жас мамандар) өтеуге міндетті.
- Сіз түлектерді жұмысқа орналастырасыз ба?
Иә, жыл сайын медициналық мамандықтар үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі Комиссия құрылады.
- ҚР-ның «Білім туралы» Заңның 47-бабының 17-тармағына сәйкес, егер бітіруші педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік грант бойынша оқуды аяқтаса, жас маман жұмысқа орналастырылады және мемлекеттік білім беру/денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істеуге міндеттеледі;
- ҚР-ның «Білім туралы» Заңның 47-бабының 17-тармағына сәйкес, егер түлек педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша ауылдық квота бойынша оқуды аяқтаса, жас маман жұмысқа орналастырылады және ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру/денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істеуге міндеттеледі;
- егер түлек оқуды облыс әкімінің гранты бойынша аяқтаса, жас маман жұмысқа орналастырылады және жергілікті атқарушы органның жолдамасы бойынша өңірде жұмыс істеуге міндеттеледі.
- Қазақстанда мемлекеттік білім гранттарын алу үшін ауылдық квота қалай жұмыс істейді?
Ауыл жастары үшін квота қарастырылған білім беру бағдарламалары топтарына арналған Конкурс мынадай түрде өткізіледі: осы топтар бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал қалған 30 пайызы тек ауыл жастары арасында конкурс өткізеді.
Бірақ ауылдық квота қолданылатын тізбеге барлық мамандықтар кірмейді. Негізінен педагогикалық, медициналық, ветеринарлық мамандықтар ғана.
Жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен, Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау квотасы көзделетін, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары топтарының айқындалатын тізбесі бекітіледі.