«Терроризм және экстремизм» тақырыбында кураторлық сағат өтті

«Терроризм және экстремизм» тақырыбында балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті М.А. Сальменбаева «Жалпы медицина» мамандығының 410  тобымен кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатта Қазақстандағы терроризмнің  қоғамға деген әсері, қайшылықтары жайында айтылды. Терроризмнің барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды. Қазақстандықтар діни көзқарасының әркелкілігіне қарамастан, зайырлы елімізде имансыздық, діни ой-пікірлердің радикалдануы секілді…

Коронавирус инфекциясын алдын алу шаралары жайлы КеАҚ «СМУ» әдістемелік нұсқауы

ДДСҰ ұсынысы және ҚР нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде КеАҚ «СМУ» коронавирус инфекциясын алдын алу шаралары жайлы әдістемелік нұсқауды ұсынады. Осы ұсыныспен мұқият танысып, міндетті түрде қолдануыңызды сұраймыз!  

Симуляциялық технологиялар кафедрасы базасында «Өкпе аускультациясы» практикалық сабағы өтті

2020 жылдың 10 наурызында СМУ симуляциялық технологиялар кафедрасы базасында м.ғ.к., ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Л.К. Жазықбаева «Жалпы медицина» мамандығының 305 тобы студенттерімен бірге сабақ өткізді.  Тақырыбы «Өкпенің аускультациясы». Модельдеу аппараттарының көмегімен студенттер қалыпты және патологиялық жағдайда негізгі және қосымша шуды ажырата білді. Оқу-клиникалық орталығындағы тренажерлер білім алушылардың дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді, алған білімдерді жақсартады.…

“Хирургтың базалық дағдылары” мектебінің төртінші сабағы өтті

2020 жылдың 7 наурызында проф. Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасында студенттік өзін-өзі басқарумен бірге “Хирургтың базалық дағдылары” мектебінің төртінші сабағы өткізілді. Төртінші сабақтың тақырыбы “Ұлпаларды біріктірудің негізгі әдістері. Жараны тігу принциптері: (үздікті,үздіксіз, косметикалық тігістер)”, онда теориялық және практикалық бөлімнің сұрақтары жан-жақты баяндалды, Студенттер тігіс салу және алу үшін хирургиялық құрал-саймандар жиынтығымен танысты.…

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Өмірдің ең керемет жаратылысы әйелдер қауымын келіп жеткен Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Бұл күн ерекше, әрі жылуға толы болмақ. Осы мерекеге орай Профессор Ю.В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицина кафедрасының оқытушысы Узбеков Дархан Есенғалиұлының жетекшілігімен «Жалпы медицина» мамандығының 330-шы кураторлық тобы студенттерінен құттықтауды қабыл алыңыздар! Семей медицина университетінің барша арулары мен әйелдер қауымын…

Кезбе-спектакль тамашалады

“Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 4168 топ студенттері қоғамдық денсаулық кафедрасының доценті Ш.М. Токешевамен бірге Абай атындағы облыстық музыкалық-драма театрына “Том Сойер” кезбе-спектаклін тамашалады. Біз актерлердің тамаша ойындарынан үлкен рахат алдық, сондай-ақ шығармашылық үдеріске қатысып, театрдың әр бұрышынан “кезіп”, оның барлық цехтарында болдық.

Ұлы Абайдан аларымыз мол

2020 жылдың ақпан айының 21 жұлдызы Семей медицина университетінде ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты кең көлемді кітап көрмесі өткізілген болатын. Аталмыш іс-шараға қалыпты физиология кафедрасының доценті Сайдахметова Айгүл Сайдахметовна жетекшілік ететін «Жалпы медицина» мамандығында білім алатын 215 топ студенті Рахимбаева Наргиз Роллановна қатысты. Наргиз көрмеде Абайдың 19-шы қара сөзін…

Интерн дәрігерлердің профилактикалық жұмысы

Қазіргі күнде 2019-nCoV (коронавирус) эпидемиясы әлемнің өзекті мәселесіне айналды. Оған себеп науқастарда өлім-жітімнің жоғары көрсеткіштері. Осы сырқат дүние жүзінің 74 мемлекетіне таралып, 93 мыңнан астам кісіге жұққан. Өлім көрсеткіші – 3,2%. Ең көп тараған мемлекеттер: Қытай, Италия, Иран, Оңтүстік Корея. Коронавирус – ауа-тамшылы жолмен таралатын, тыныс жолдарын зақымдайтын, арнайы емі мен вакцинасы анықталмаған вирус. Осы…

Қазақ хандығы бағдарламасы аясында Қазақ хандығы тақырыбында кураторлық сағат өтті

Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XV ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының тұңғыш ханы – Керей, соңғы ханы – Кенесары Қасымұлы. Хандықты басқару ісінде Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Тәуке, Абылай сынды…

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары және ЖМ 1120, 2113 топ студенттерінің ұйымдастыруымен университтеттің кітапханасында «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» атты қалалық ардагер әжелермен 1, 2 курс студенттеріне кездесу өткізді. Кездесуде ардагер ұстаз, тәлімгер, қоғам қайраткері, ардақты әже Айгүл Шәріпқызы әже тәрбиесін көрген қазақтың ұлы тұлғаларын еске алып,  Абайдың әжесі Зеренің тәрбиесі…