«Аналар үйіне» волонтерлік көмек

Қазақ -Анасы мен баласын жылатпаған халық.  Үлкеннің батасымен, ананың ақ сүтімен дарыған ақ ниетпен өзгелерге көмек қолын созу ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан асыл қасиет болып келеді. Осы дәстүрді сақтаушы ретінде 4328-топ студенттерімен топ кураторы Майгул Бектуровна аналар мен балаларға пана болған “Аналар үйінде” волонтерлік шара өткізді. Студенттер Өзекті мәселелер жайлы лекциялар оқып, жас аналарға компьютерлік сауаттылық…

«Қайырымдылық жасау»

22.02.2020ж Профессор Т.А.Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы, Кулямирова Жанар Орынтаевнаның бастауымен жалпы медицина факультетінің     320-ы,327-і кураторлық топтары «Қайырымдылық жасау» мақсатында бес баласы бар Амиргалиева Асель ханымның  отбасына барып қайтқан болатын.Студенттер ең бастысы отбасыға мейірімділік ,жылулық  сыйлап қана қоймай қажетті азық-түліктермен ,киім-кешектермен отбасын қуантты..Отбасында екі егіз қыз,үш ер бала болды.Көздері жалындап ,болашақ  дәрігер аға –әпкелерін…

СМУ студенттері Абай атындағы театрға барды

Бүгін кураторлық тобыммен Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрына кезекті рухани азық алуға бардық. Театр іші өнер сүйер көрерменге лық толы болды. Өйткені бүгін “Абай” трагедиясының шымылдығы ашылған күн. Премьераға театр ұжымының аса дайындығы сезіліп тұрды, холлда Абай атамыздың құлақтан кіріп бойды алар әуезді әндері біздерге керемет жайма шуақ күй сыйлады. Бас ақынның мерейтойына…

«Білім көзі кітапта» Абай атындағы кітапханада бір күн

2020 жылдың ақпан айының 19-ы күні  Семей Медицина университеті  “Жалпы медицина” мамандығы бойынша  1 курс  1210 тобының  студенттері  Абайдың 175 жылдығына орай Семей қаласы  Абай атындағы  әмбебап кітапханаға барды. Бұл іс-шараның мақсаты Абай атындағы әмбебап кітапханамен және кітапхана тарихымен танысу, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығы мен өмірі жайлы ақпарат алу, қазақ жастарының бойына қазақтың тілі…

Ер есімі – ел есінде

Ақпан айының 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 31 жыл толды. Семейде бұл жыл сайын дәстүрлі түрде тек соғыстың аяқталуының күні ретінде ғана емес, соғыстан оралмағандарды еске алу күні ретінде аталып өтіледі. Қазіргі таңда біздің қаламызда 412 ауған соғысына қатысушылар тұрады. Жауынгер интернационалистер әскери ордендермен және медальдармен марапатталған. Ауғанстанда әскери қызмет кезінде 44…

Адамгершілік міндетіміз

Қамқорлық – адам бойындағы құнды қасиеттердің бірі. Жас ұрпаққа қамқорлық жасап, қайырымдылық пен ізгілікті бойларына сіңіре білдіру   үлкендердің парызы. Сондай бастамамен университетте іске асырылып жатқан жұмыстардың бірі – әрбір кафедра  қамқорлығындағы студенттер. 2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары стоматология мамандығының студентін қамқорлығына алып, ай сайын шәкіртақы тағайындады. Жасалып жатқан  қамқорлықтарда тек қаржылай…

Семей медицина университетінің «Қыз Жібек» клубының мүшелері ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәрбие сағатын өткізді

2020 жылдың 25 қаңтарында Семей медицина университетінің «Қыз Жібек» клубының мүшелері клуб жетекшісі Г.Н. Табулдиновамен бірге №8 балалар үйіне барды. Іс-шараның мақсаты балалар үйінің тәрбиеленушілеріне салауатты өмір салтын ұстану және сол арқылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау, олардың өзін-өзі бағалау қабілеттерін арттыру, сонымен қатар олардың шығармашылық әлеуеттерін ашу болды. Кездесу барысында студенттер балаларға салауатты өмір…

Әскери кафедра қызметкерлері Жаңа жылдың қарсаңында кафедра ардагерін мерекемен құттықтады

2019 жылғы 27 желтоқсан күні әскери кафедра басшысы Орынбасаров Шыңғыс Оразмухаметович цикл бастығы Смаилов Нұрбек Саденович және аға зертханашы Жукушева Назым Төлеубаевна бүкіл  әскери кафедра ұжымы атынан әскери кафедрада 20 жылдан аса қызмет атқарған, еңбек ардагері Мурзабаева Гүлжанат Жұмабаевнаны жаңа жыл мерекесімен құттықтап, материалдық көмек көрсетіп, қал-жағдайын біліп шықты. Ардагерлерге барып, қал-жағдайларын біліп тұру –…

Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы

2019 жылдың 13 желтоқсанында Семей медицина университетінің 5 курс, 517-топ студенттері, кураторы отбасылық медицина кафедрасының оқытушысы Сайдуалиев Дастан Насыржанұлының қатысуымен әлемге қазақты, азаттық сүйгіш, рухы  биік, намысы берік халық ретінде жариялаған тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына орай топ  студенттері аясында «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

2019  жылдың 7 желтоқсан күні «стоматология» мамандығының 2 курс студенттерімен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай  «Под небом правды»  атты деректі фильмді тамашаладық. Фильмнің басты тақырыбы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері. Бұл шараның негізгі мақсаты жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру. Жыл сайын Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне байланысты іс-шаралар атап…