Шетелдік студенттер кәсіби қазақ тілін қашықтықтан оқуды жалғастыруда

Семей медицина университеті ұжымы төтенше жағдай кезінде карантиндік ережелерді қатаң сақтап, жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы Н.М. Абешова пандемияға байланысты шетелдік 5 курстың студенттерін кәсіби қазақ тілінен қашықтықтан оқуда. Қашықтықтан оқыту кезінде Zoom платформасы, WhatsApp мессенджері   арқылы түрлі әдістерді қолдануда. Білім алушылар алдын ала тапсырмаларды оқып, түсінбеген материалдарын сабақ кезінде  сұрап, «Zoom»  платформаларында жаттығу…

«Кәсіби ағылышын тілі» пәнінен сабақтар қарқынды түрде өтуде

Жаңа 2020-2021 оқу жылы барлық қазақстандық студенттер үшін онлайн форматында басталды. Оқытудың жаңа форматында нәтижелі білім беру үшін оқытушылар көп еңбек етуде. Жалпы білім беретін пәндер кафедрасында «Кәсіби ағылшын тілі» пәні бойынша «Стоматология» мамандығының 306 топ студенттері өз сабақтарын тәмамдады. Студенттерге тиімді және қызықты болу мақсатында сабақта тілді меңгерудің 4 дағдысын (speaking, reading, writing and…

Семинар ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу

22 қыркүйек 2020 жылы онлайн-режимде Семей медицина университетінің жалпы медицина мамандығының 4238 кураторлық тобымен  ЖРВИ және тұмаудың алдын алу санитарлық-ағарту жұмысы бойынша семинар өтті. Модераторлар – кураторлық топ студенттері Саят Әкімбеков, Айман Оралбай және Елдар Азамат «Тұмау және ЖРВИ: диагностика, емдеу және алдын алу» тақырыбында баяндама ұсынды. Студенттер ЖРВИ және тұмауға қатысты әлемдегі және еліміздегі…

Қашықтықтан білім беру

Семей медицина университетінің ұжымы төтенше жағдай кезінде карантиндік ережелерді қатаң сақтап, инфекцияның таралуын тежеуге атсалысуда. Қазіргі жағдайда әрбір ұжым, әрбір азамат жауапкершілікті арттырып, мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан шараларды қатаң сақтау керек екенін білеміз. Мұның барлығы – адам өмірін сақтап қалу үшін жасалып жатқан шаралар. Сол себепті жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары да пандемияға…

Қашықтықтан білім беру жалғасуда

КеАҚ «Семей медицина университеті» жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары пандемияға байланысты сабақты қашықтықтан оқытуды жалғастыруда. Оқытушылар қашықтықтан оқытуды жүйелі және тиімді  өткізу мақсатында түрлі әдістерді қолдануда. Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі пәнінен студенттер ұсынылған материалдарды KEYPS жүйесіндегі блюпринттер арқылы танысқаннан кейін, пән оқытушысы Н.М. Абешова Zoom, Skype платформасы арқылы сабақты түсіндіріп, WhatsApp мессенджері…

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасында қазақ және шет тілдері пәндері бойынша сабақтар басталды

2020-2021 оқу жылының 7 қыркүйегінен «Жалпы медицина» мамандығының  5 курс студенттеріне, кәсіби қазақ және шет тілдері пәндері бойынша сабақ басталды. Пандемияға байланысты сабақ қайтадан қашықтықтан оқытылуда. Сабақта ZOOM-конференциясы және WhatsApp-чат ақпараттық-коммуникациялық құралдары қолданылады. Білім алушылар сабақ барысында жақсы дайындықпен, белсенді қатысып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда.   Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы Б.А. Жоргатаева

«Балалардағы көпжүйелі қабыну синдромы» тақырыбында конференция өтті

Балалардағы көпжүйелі қабыну синдромы (paediatric multisystem inflammatory syndrome), организімде бір уақытта бірнеше жүйенің қабынуымен, балаларда жоғары қызбамен (38.5°C және одан жоғары), қан қысымының төмендеуімен, оттегінің жеткіліксіздігімен, органдардың жетіспеушілігімен жүретін, Кавасаки синдромына ұқсас патология. SARS-CoV-2 асқынуы ретінде қарастырылады. Жоғарыдағы назология алғаш 2020 жылдың мамыр айында ғылыми ортада талқылана бастады. Синдром сирек кездеседі. Оның пайда болуы туралы хабарламалардың…

Қашықтықтан емтихан қабылдау өтуде

Еліміздегі белең алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Жалпы медицина» мамандығының студенттері мамыр айының 25 жұлдызынан бастап 2019-2020 оқу жылының жазғы сессиясын қашықтықтан  тапсыруда. Емтихан KEYPS автоматты басқару жүйесінде және ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан өтуде. Қашықтан емтихан қабылдау жағдайында «Таза сессия» жобасы аясында онлайн-прокторингтік жүйесі қолданылуда. Суммативті емтиханда тест тапсыру барысында объективті бағалау мақсатында кафедра оқытушылары тарапынан…

Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мамандықтарында 2019-2020 оқу жылының жазғы емтихан сессиясы өтуде

Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінде 2019-2020 оқу жылының жазғы емтихан сессиясы еліміздегі эпидемиялық ахуалға сәйкес ZOOM платформасы арқылы қашықтан өтуде. Қашықтан білім беру жағдайында жазғы емтихан сессиясы емтихандарын өткізуге белгілі бір талаптар қойылады, мысалы, автоматты немесе синхронды проекторинг шарттарын орындау. Прокторинг жүйесінің негізгі міндеті – пайдаланушының веб-камерасына, микрофонына және жұмыс үстеліне…

Факультеттік терапия кафедрасында қашықтықтан оқыту

Қашықтан оқыту 4 курсттарда пәннің кестесі мен тақырыптық жоспарына сәйкес өткізілуде. 4 курстарда сабақтардың құрылымы екі бөлімнен тұрады: теориялық және тәжірибелік. Сабақтың теориялық бөлігінде тақырып CBL әдісін қолдана отырып талданады. Тәжірибелік бөлімі коммуникативті, практикалық және клиникалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сабақтың тәжірибелік бөлігі рөлдік ойындарды қолдану арқылы жүзеге асырылуды. Студенттер тақырыптық жоспардың нозологияларына сәйкес сценарийлерін…