Құрметті талапкерлер!

Енді жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы ЭЦҚ-сыз грантқа құжаттар тапсыра аласыздар. Олардың байланыс келесі сілтеме арқылы жүктеп алуға болады. 1450 нөмірі бойынша Сall-орталыққа хабарласып, өз сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Cонымен қатар ҚР БҒМ сайтында бейне кеңес режимінде виртуалды ассистент қызметі іске қосылды.

Талапкерлер назарына!

ҚР БҒМ білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар тапсыру мерзімін 25 шілдеге дейін ұзартты. Сіздерге «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» қызметіне өтініш бойынша жаңартылған НҰСҚАУЛЫҚ ұсынамыз. Және есінізде болсын, КеАҚ «Семей медицина университеті» коды – 041. Құрметті талапкерлер, сіздерге тек сәттілік тілейміз! Семей медицина университеті…

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру-денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы 2020 жылдың 25 қыркүйегі

ҚР аумағында СОVID-19 байланысты “Семей Медицина Университеті” КеАҚ 2020 жылдың 15 мамырында жоспарланған халықаралық қатысумен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру-денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы 2020 жылдың 25 қыркүйегіне  ауыстырылды және коммуникативтік платформалар арқылы онлайн режимінде өткізілетін болады. Онлайн-конференцияға қатысу үшін мына сілтеме бойынша онлайн тіркелу арқылы өтінім беру қажет: :…

📣Құрметті талапкерлер!

📣Құрметті талапкерлер! «Семей медицина университеті» КеАҚ қабылдау комиссиясының жұмысы ағымдағы жылдың 📌15 маусымынан басталады. Оқуға түсу мәселелері бойынша Сіз келесі нөмірі бойынша хабарласа аласыз: 🔴Call-center +7 775 681 76 39 🔵Қабылдау комиссиясы + 7 778 008 57 56 Алдағы маңызды күндер! Магистратураға түсушілер үшін ағымдағы жылдың ‼️15 маусымынан 15 шілдесіне‼️ дейін кешенді тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау. Грантқа түсуге…

«Семей медицина университеті» КеАҚ магистратураға түскің келе ме? Онда бұл ақпарат Сіз үшін!

Құрметті болашақ магистранттар! Сонымен, магистратура дегеніміз не? Ол бакалавриаттан немен ерекшеленеді? «СМУ» КеАҚ магистратураға түсу тәртібі қандай? Магистр болу үшін қанша жыл оқу керек? Гранттар, соңғы жаңалықтар мен өзгерістер. Мамандықтар, магистратура бағдарламалары және байқау тестілеуі. «СМУ» КеАҚ магистратураға түсу кезінде қандай емтихандар тапсыру керек? Магистратураның әрбір мамандығы бойынша қандай бейіндік пәндерді тапсыру керек? Осы және…

Семей медицина университетіне түсуге жоспарлаған талапкерлер назарына!

«Семей медицина университеті» КеАҚ-на түсуге жоспарлаған, ағымдағы жылғы және өткен жылдардағы орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары түлектерінің назарына! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 02 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес, ағымдағы және өткен жылдардағы орта білім беру ұйымдарының, техникалық…

«Level Up» ұйымы бірінші курс студенттерін медициналық терминдерді ағылшын тілінде үйренуге шақырады

Семей медицина университетiнiң «Level Up» ұйымы бірінші курс студенттерін медициналық терминдерді ағылшын тілінде үйренуге шақырады. Бұл оқу үрдісі ағылшын тілін үйреніп қана қоймай, пәндік сабақтарды түсінуге және жеңіл игеруге септігін тигізеді. Ерікті-ұстаздар сіздерді дүйсенбіден жұмаға дейінгі күндері сағат 15:00-17:00 аралығында күтеді. Сабақтар 10.03.2020 басталады Сонымен қатар біздің ұстаздар сіздерге “speaking”-ты жақсарту мақсатында және экзаменге дайындық…

Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебі студенттерімен кездесулер

Құрметті студенттер! Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебі мониторинг жүргізу және білім беру процесінің сапасын жақсарту мақсатында студенттермен бірқатар кездесулер өткізуді жоспарлады. Осыған байланысты кездесулер кестесін ұсынамыз. Қатысу барлығына міндетті! №МамандығыКүніУақыты Өткізілетін орны 1Фармация28.02.202012.00305 кабинет 2Қоғамдық денсаулық сақтау28.02.202014.00№2 Д/З 3Стоматология, 2 курс02.03.202011.00№2 Д/З 4Стоматология, 3 курс02.03.202016.30№2 Д/З 5Мейіргер ісі03.03.202014.30305 кабинет 6Стоматология, 4…

«Ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем – Қазақ елі» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз

Университет кітапханасы мен мұражай сіздерді Алғыс айту күніне арналған «Ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем – Қазақ елі» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады. Іс-шараның қонақтары: ақын, композитор, әнші, мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Құсмілия Нұрқасым және «Салауат» пікірсайыс клубының мүшелері. Іс-шара 2020 жылдың 28 ақпанында сағат 15.00-де университеттің ақ залында өтеді.