Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Біз Семей медицина университеті «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс 2116 топ студенттері қазан айының 2 жұлдызында ұстаздар мерекесіне орай «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» атты кураторлық сағат өткіздік. Кураторлық сағат Zoom платформасында өткізілді. Ұстаз – ұлағатты есім. Тұңғыш презмдентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Мұғалім – бүкіл білім беру жүйесінің негізі, жаны мен жүрегі».  Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,…

Темекінің денсаулыққа тигізетін әсері

Қыркүйек айының 24-і күні «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2101-ші топ студенттері «Темекінің денсаулыққа тигізетін әсері» тақырыбында кураторлық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттерге темекінің ағзаға тигізетін зияны туралы мәліметтер айтылып, мысалдар көрсетілді. Студенттер ашық сабақтан пайдалы мәліметтер ала алды.   Топ студенті Е. Айнабаев, Куратор Н.М. Абешова

Халықаралық қарттар күні

Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту, қарт адамдардың сіңірген еңбектерін, мемлекеттің дамуына қосқан көптеген үлестерін мойындау белгісі ретінде Қазақстанда жыл сайын 1 қазан күні – Халықаралық қарттар күні аталып өтуде. Осыған орай Қалыпты физиология кафедрасының атынан Жетписбаев Бекболат Адомовичті, Сатбаева Роза Жанатбековнаны, Мырзаканова Жібек Турсалимовнаны және Нурманбетова Бикен Абдыкадырованы 1 қазан –Халықаралық қарттар күнімен құттықтағымыз келіп…

«Үміт» кадрлық резервіне үміткерлерді іріктеуді жүргізу шеңберінде өтінімдерді қабылдау туралы хабарлаймыз

Құрметті әріптестер! «Семей медицина университеті» КеАҚ «Үміт» кадрлық резервіне үміткерлерді  іріктеуді жүргізу шеңберінде өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру жариялаймыз. «Семей медицина университеті»  КеАҚ  қызметкерлерін Семей медициналық университетінің «Үміт» кадрлық резервін қалыптастыруға қатысуға шақырамыз. Ол үшін үміткерлерге біздің https://semeymedicaluniversity.kz/o-nas/vakansii/ сайтына кіру ұсынылады. «Бос орындар» бөлімінде https://aisu.pro/nadezhda сілтеме бойынша өтіп, өтінімді рәсімдеу қажет. Өтінімді (байланыс телефондарын, білімі туралы…

Еңбегі оң бағаланды

«Семей медицина университеті» КеАҚ кәсіподақ комитетінің мүшесі С.А. Жаукенова  «Шығыс Қазақстан Кәсіподағына – 100 жыл» төсбелгісімен марапатталды. Сәуле Әділбекқызы Жаукенова «Семей медицина университеті» КЕАҚ кәсіподақ комитетінің мүшесі ретінде 12 жыл қызмет етуде. Осы саладағы кәсіби шеберлігін арттыруда. Өзін жұмыс барысында өте ұқыпты, тәжірибелі, еңбекқор  маман ретінде көрсете білді. Сәуле Әділбекқызы Жаукенова бастаған жұмысын аяқсыз қалдырмайтын,…

Семей медицина университетінің түлегі – әлемдік конкурс жүлдегері!

2020 жылдың қыркүйек айында семейлік Рауан Бағданұлы Бүкіләлемдік Қозғалыс Бұзылысы Қауымдастығы Конгресінің бейнежарыс сайысына қатысып жүлдегер атанды. Өз тарихында  бұл сайысқа ТМД елдерінен 2-ақ адамның іріктеуден өткенін ескерсек, әлемдік сынның бәсі жоғары екенін анық байқауға болады. Бұған дейін ресейлік ғалым қатысса, енді міне Қазақстан атынан Рауанның қатысып қана қоймай, жүлдегер атануы ел абыройын асқақтата түсті.…

Резиденттер арасында «COVID-19 пневмония» атты конференция өтті

Госпитальды терапия кафедрасында «Пульмонология, оның ішінде балалар пульмонологиясы», «Терапия» мамандықтары бойынша 1-ші және 2-ші оқу жылындағы резиденттер арасында «COVID-19 пневмония» атты конференция өтті. Резидент-пульмонолог Қуаныш Смаков, Айдана Амерханова, Ержан Хощанов, резидент-терапевт Аяулым Исмаилова қызыл ошақта жұмыс істеп, пандемиямен күресте өз үлестерін қосты. Баяндаманы қызыл ошақта 2 мәрте жұмыс істеген 2-ші оқу жылындағы резидент-пульмонолог Смаков Қуаныш…

Студенттер Абай мұражайымен танысты

2020 жылғы 28 қыркүйек күні «Абай музейіне – 80 жыл» атты онлайн-дәріс және «Музейге шолу» презентациясы өтті. Іс-шара барысында Абай музейінің ғылыми қызметкері Азамат Қажыбай СМУ студенттеріне мұражайдың бай тарихы, жәдігерлері туралы әңгімелеп берді.

СМУ докторанты «United for Health» стипендиясының иегері атанды

Швейцариядағы қазақстандықтардың BIRLIK қауымдастығы, Еуропадағы Қазақ Дәрігерлері Медициналық Қауымдастығы MAKDЕ және MedSupportKZ ақпараттық қолдауымен Қазақстан Республикасындағы медициналық мамандық студенттері мен жас мамандарды қолдау арқылы COVID-19 пандемиясымен күресу бағдарламасын жариялаған болатын. Бағдарлама мақсаты – COVID-19 пандемиясымен күресуге қатысты академиялық, ғылыми, қоғамдық іс-әрекеттерді ынталандыру. Семей медицина университетінің докторанты Әйгерім Исмагилова аталған бағдарлама жеңімпазы атанып, «United for Health»…

Мерейтой иесін құттықтады

Бүгін Семей медицина университетінің ардагері, қызметкерлер мен білім алушыларға қызмет көрсету орталығының іс қағаздарын жүргізушісі Саржанова Күлбағи Түсіпбекқызы 55 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы атаулы күнге орай университет қызметкерлері мерейтой иесіне естелік сыйлық табыстап, сыйлы әріптесіне жылы лебіздерін білдірді. – Отыз жылдан астам сіз біздің университетіміздің білікті маманы, жас әріптестеріміздің тәлімгері ретінде қызмет атқарып келесіз.…