Кафедраның пайда болу тарихы
Кафедра 1953 жылы физика кафедрасы ретінде құрылды. Кафедра меңгерушілері әр жылдары болды: Карпов Борис Александрович, Колбин Николай Михайлович, Козинцев Владимир Григорьевич, Дихамбеков Женис Какенович, Коньшин Юрий Николаевич, Барташ Лидия Пантелеевна, Бектурова Алмагуль Шакербаевна, Иксымбаева Жаныл Саркытбаевна, Базарбек Жеңісбек Базарбекұлы, Хисметова Зайтуна Абдулкасимовна, Сергазина Гульжан Максутовна.
Кафедраны және университетті құру мен дамытуға зор үлесін қосқан Дихамбеков Ж.К. болды. 1967 жылы Семей медициналық институтында физика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. Ректордың көмекшісі, кибернетика және математика курсы, медициналық физика және математика курсы, физика кафедрасының меңгерушісі, сондай-ақ Ақпараттық-есептеу орталығының меңгерушісі қызметін атқарды. 30 жыл бойы емтихан қабылдаушы, атқарушы хатшының орынбасары, жауапты хатшы ретінде қабылдау комиссиясының жұмысына қатысты.
Ж.К.Дихамбеков медициналық жоғарғы оқу орындары үшін физика және информатика бойынша 6 оқулықтың және 30-дан астам ғылыми – зерттеу мақалалардың авторы.
Дихамбеков Жеңіс Какенұлының Семей мемлекеттік медицина университетінде оқу-әдістемелік және әкімшілік қызметтер үшін келесі марапаттар мен ынталандыруларға ие болған: Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты (2001 ж.), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен университеттің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары (1996, 2005, 2008, 2013 жж.), «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігіне» (1998), «Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін» (2013), «Адал еңбегі үшін» (2016) төс белгісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «ҚР денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісі (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медаль (2016).
2009 жылдан бастап 2015 жылға дейін кафедра «Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика» кафедрасының, 2015 жылдан 2018 жылға дейін – «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер» кафедрасының құрамында болған. 2018 жылдың қыркүйек айында кафедра «Медицинадағы IT-технологиялар» кафедрасы ретінде қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к. Мусатаева Июньгуль Сулжанқызы конкурс бойынша сайланды.
Кафедраның жетістіктері, қызметі, жұмыс бағыттары, әрі қарай дамыту жоспарлары
Барлық кезең кафедрасының оқытушылары медициналық биофизика, математика және физика, информатика пәндері бойынша мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оқу-әдістемелік материалдар дайындап шығарды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, медициналық информатика бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірленді. Барлық материалдар оқу үрдісінде білім алушылармен сәтті қолданылады.
«Information and communication technologies» және «Медициналық ақпараттық жүйелер / Сандық медицина негіздері» пәндеріндегі оқу нәтижелерінің бірі білім алушылардың АКТ-құзыреттілік деңгейін арттыру, сондай-ақ болашақ медицина мамандарының кәсіби қызметінде медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Кафедра компьютерлік жабдықтармен, заманауи медициналық жабдықтармен және құрылғылармен жабдықталған.
Педагогикалық қызметпен қатар кафедра оқытушылары кафедраның ғылыми-әдістемелік базасын дамытуға бағытталған және жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады және келесі ғылыми жұмыстардың түрлерін жүзеге асырады: ғылыми мақалаларды жазуға және жариялауға дайындау; студенттік топтарда ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру; ғылыми конференцияларға қатысу. Кафедра оқытушылары жыл сайын республиканың ғылыми-тәжірибелік конференцияларына, сондай-ақ алыс және жақын шет елдерге қатысады. Зерттеу нәтижелері оқытушылардың ғылыми еңбектерінде және жарияланымдарында көрсетіледі. Барлық кезеңнің оқытушылары түрлі ғылыми журналдарда 150-ден астам ғылыми мақалаларды жариялады.
Электрондық денсаулық сақтауды дамыту іске асыру аясында денсаулық сақтау және IT-технологиялар саласында пәнаралық құзыреттілікке ие білікті IT-мамандарын даярлау қажеттілігі артады. 2018 жылдың қыркүйегінде Медицинадағы IT-технологиялар кафедрасы КазГЮИУ-мен бірлесе әзірленген «Ақпараттық жүйелер. Денсаулық сақтау саласындағы IT» интеграцияланған білім беру бағдарламасын енгізе бастады. Бағдарламаны іске асыру медицина саласындағы медициналық техниканы және ақпараттық жүйелерді және технологияларды қолдану үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуде білікті және бәсекеге қабілетті IT-мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта кафедраның негізгі бағыты – “Сандық Қазақстан”, “Денсаулық сақтауды цифрландыру” мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру.». Профессорлық-оқытушылық құрам өз қызметінде қағазсыз медицинаға көшу кезеңінде білім алушылардың денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу барысында құзыреттілікті дамытуға баса назар аударады.
Қазіргі уақытта кафедраның негізгі бағыты – электронды денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру. Профессор-оқытушылар құрамы өз қызметінде қағазсыз медицинаға көшу кезеңінде білім алушылардың цифрлық құзыреттерін дамытуға баса назар аударады. 2019 жылдан бастап кафедра “Жалпы медицина” мамандығының 4 курс студенттері үшін “Медициналық ақпараттық жүйелер” элективті курсын, 2020-2021 оқу жылынан бастап “Сандық медицина негіздері” элективті курсын өткізеді.
Қазіргі уақытта кафедра штатын кафедра меңгерушісі И.С. Мусатаева, аға оқытушы К.Т. Кусаинова, оқытушылар Ә.Д. Ғалымова, Г.К. Токабаева, А.Б. Букатаева, Ә.Н. Масалимова , лаборант Г.А.Тастанова құрайды.