Пак Лаура Алексеевна
2010 жылы Семей мемлекеттік медицина университетін бітірді. 2010-2011 жылдары интернатурада оқыды. 2013 жылы «Онкология» мамандығы бойынша резидентураны бітірді. 2013 жылдан 2016 жылға дейін PhD докторантурада білім алып, «Медицина» мамандығы бойынша диссертациясын сәтті қорғап шықты. 2016 жылдан бастап клиникалық және радиациялық онкология кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді және жоғары оқу орнына дейінгі білім беру деканының орынбасары қызметін атқарады. 40-тан астам ғылыми мақалалардың авторы. Магистранттардың, докторанттардың жетекшісі.
Негізгі міндеттер
- мектеп пен бөлімнің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру;
- ғылым жетістіктері мен практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес оқу процесіне жаңа білім беру бағдарламалары мен мамандықтар стандарттарын енгізуді бақылау және қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы бойынша және шетелдік жоғары оқу орындарымен студенттердің академиялық ұтқырлығын және студенттік ғылымның дамуын үйлестіру;
- ұйымдастырушылық, командалық және жеке тиімділік деңгейін арттыру мақсатында кәсіби дағдыларды жетілдіру үшін адами ресурстарды дамыту;
- «Medical foundation» дайындық бөлімінің жұмысын үйлестіру;
- халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялау үшін ұйымдармен және Бағдарламалармен (Erasmus, Fulbright және т.б.) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және дамыту;
- «СМУ» КеАҚ басқа департаменттерімен және құрылымдық бөлімшелерімен жұмысты оңтайландыру;
- «СМУ» КеАҚ қызметіне кешенді бағалау жүргізуге дайындыққа қатысу (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу);
- Департамент құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелердің қызметін цифрландыру және үйлестіру.
Бөлімше қызметтері
- «СМУ» КеАҚ оқу процесіне бейімделген білім беру бағдарламаларын, үздік тәжірибелерді енгізу;
- сыртқы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жоғарғы оқу орнында оқу-әдістемелік үдерісті регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге көмек көрсету;
- мамандықтар мен даярлау бағыттары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын орындауды ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету;
- мектептерде және Medical foundation бөлімінде оқу үдерісін ұйымдастыру;
- мектептер мен бөлімнің материалдық-техникалық жабдықталуын жоспарлау, бекіту, мониторингілеу;
- қызметкерлерді басқару бөлімімен бірлесе отырып, мектептердің, кафедралар мен бөлімнің кадрлық ресурстарын дамыту бағдарламасын жоспарлау, іске асыру, мониторинг жүргізу;
- мектеп жұмысына білім беру қызметтерін енгізу сапасын және сәйкестігін қамтамасыз ету;
- жұмыс және оқу жағдайларымен қанағаттану және басқа да сауалнама түрлері бойынша профессорлық оқытушы құрам және білім алушыларға сауалнама жүргізуді ұйымдастыру, жүргізу және талдау;
- тәжірибелік денсаулық сақтаумен жұмыс бойынша кафедра жұмысын үйлестіру;
- мектептер мен Бөлімді басқаруды ақпараттандырудың кешенді бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
- департамент құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелердің қызметін цифрландыру және үйлестіру.