Кырыкбаева Салтанат Саятовна
Жоғары медициналық білім, 6M 110200 Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша медицина ғылымдарының магистрі, 6D 110200 Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша PhD докторантурасы (2019 жыл)
Қызмет саласы:
Ғылыми-зерттеу бөлімінің негізгі қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, бағдарлау және бақылау;
ЖОО ішінде бөлім қызметін үйлестіру; ғылыми блок бойынша ЖОО комиссияларының жұмысын бақылау; ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметі туралы анализ жасау.
Қызмет саласы:
Ғылыми-зерттеу бөлімінің, ғылыми-зерттеу зертханасы орталығының, вивария қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, мониторинг және бақылау.
“СМУ” КеАҚ құрылымының қайта құрылуына байланысты 2019 жылдың маусымында ғылыми-тәжірибелік зерттеулер департаменті құрылды. Департамент келесі құрылымдық бөлімшелерден тұрады: ғылыми-зерттеу бөлімі, ғылыми-зерттеу зертханасының орталығы, виварий.
ҒТЗД қызметінің негізгі мақсаты- профессор-оқытушылар құрамы мен білім берудің барлық деңгейлерінде және білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыру арқылы зерттеу университеті мәртебесін алуға бағытталған “СМУ” ҚеАҚ стратегиясын іске асыру, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды жоспарлы даярлауды қамтамасыз ету.
Департаменттің міндеттері:
- Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жоспарлау және үйлестіру;
- ПОҚ және білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыру;
- Магистранттар мен PhD докторанттардың ғылыми компоненттерінің орындалу мониторингі;
- Барлық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларды жоспарлау, дайындау және өткізу;
- Барлық деңгейдегі қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми- тәжірибелік жұмысын жүргізуді ұйымдастыру және мониторингілеу;
- Ғылыми-зерттеу жобаларын, сондай-ақ кафедраларды оқу бағдарламасы шеңберінде қажетті ресурстармен (реактивтер, жабдықтар, зертханалық жануарлар, шығыс материалдарымен) қамтамасыз етуді үйлестіру.