Оразбаева Ажар Қабденқызы
Биолог, магистр
1964 жылы алғашкы рет виварий зертханалармен бірге Семей медицина институтының кафедра аралық тәжірибелік зертханасы болып ірге тасы қаланды. Виварий бірінші қабатында орналасты, онда жануралар болды. Экспериментальді жануарларға барлық санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып күтім жасалынды. КеАҚ «СМУ» виварийі университеттің ғылыми-құрылымдық бөлімшесі болып табылып, ғылыми Департамент құрамына енеді. Виварий ЖОО-ның ғылыми жұмыстарында (ғылыми экспериментальді жасау үшін) және оқу үрдісінде (көрнектілікті құрал ретінде), сонымен қатар биологиялық және емдік препараттарды тестілеу үшін пайдаланылатын зертханалық жануарларды күтуге және өсіруге арналған. Виварий зертханалық жануарларды (егеуқұйрықтарды, тышқандарды, қояндарды және теңіз шошқасы) ғылыми-зерттеу мақсаттарында және оқу үрдісінде қолдану үшін күтіп, өсіреді. Виварий ғылыми-зерттеу мен сынақтарды жүргізу үшін зертханалық жануарларды қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ұстауға мүмкіндік береді.