Қожахметова Дана Кенжебаевна
1999 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетін, 2000 жылы «Жанұялық дәрігер» мамандығы бойынша интернатураны үздік аяқтады.
2000-2003 жылдары Семей қаласының жанұялық амбулоаториясында жанұялық дәрігер ретінде жұмыс істеді. 2003 жылдан бастап Семей Мемлекеттік медицина академиясына (қазіргі – НАО «МУС») ассистент болып қабылданды. Жұмыс барысында кафедраның СМЖ бойынша жауапты, оқу бөлімінің меңгерушісі, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Медициналық білім сапасын бағалау бөліміне бас маманы, 2021 жылдың қараша айынан бастап Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейірбике ісі мектебінің деканы лауазымына ауыстырылды.
Қожахметова Д.К. – терапевт, реабилитолог, медицина магистрі. 30-дан астам мақаланың, 2 монографияның, 3 авторлық куәліктің, 4 патенттің (ҚР, РФ) авторы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық зерттеулерде (2015 ж.), халықаралық көп орталықты зерттеулерде (2017, 2019 ж.) аға ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеді.
Медициналық білім беру ұйымдарында оқыту әдістемесі бойынша семинарларда, жобалық оқытуды енгізу, медициналық білім беру ұйымдарының процестеріне СМЖ енгізу, көшбасшылық, менеджмент бойынша семинарларда оқыды. Оқу үдерісінің сапасын бақылау бойынша жұмыс топтарының іс-шараларына қатысты.
E-mail: dana.kozhakhmetova@nao-mus.kz
Қабылдау уақыты: дүйсенбі-бейсенбі, 15.00-17.00