Құрылымдық бөлімшенің басшысы

Бөлімнің қысқаша мазмұны

Медициналық білім сапасын бақылау бөлімі «СМУ» КеАҚ ұйымдастыру құрылымын бекіткеннен кейін 2019 жылдың мамыр айында құрылды. Академиялық жұмыс департаментінің ажырамас бөлігі болып табылады.Бөлімнің басты міндеті – білім беру үрдістерін үздіксіз жетілдіру, соның ішінде филиалдарда қадағалау. Осыған байланысты бөлімнің негізгі қызметі:

  1. Осы бағдарламалардың сапасын арттыру мақсатында білім беру бағдарламаларын кешенді бағалау жүйесін әзірлеу және енгізу.
  2. Мамандандырылған аккредиттеу процесіне дайындалу және жүргізу.
  3. Білім беру бағдарламаларын дамыту мониторингі.
  4. Білім беру бағдарламаларын іске асыру мониторингі.
  5. Студенттердің белгіленген оқыту мақсаттарына қол жеткізуін бағалауға арналған құралдардың сәйкестігін бағалау.
  6. Оқушылардың оқу нәтижесіне жету дәрежесін талдау.

Бөлім өз қызметін мектептермен , департаменттермен, академиялық комитет және оның кіші комитеттермен (білім беру бағдарламалары комитеті, студенттердің жетістіктерін бағалау жөніндегі комитет), студенттік өзін-өзі басқару кеңесімен  тығыз ынтымақтастық арқылы  жүзеге асырады.

Қызметкерлер

IMG_0027

Камалиева Анар Закенқызы

1992 жылы Н.К. Крупский атындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірді. Қызмет саласы – Академиялық комитет хатшысы, тестілеу емтихандарын өткізу, білім беру бағдарламаларының рейтингісіне қатысты растайтын құжаттарды дайындау, жұмыс топтарының қызметін  және кафедрааралық бақылауды ұйымдастыру және мониторинг.

IMG_0032

Жумабаева Диана Алибекқызы 2016 жылы Семей Медициналық Университетің « Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығың бітірді. 2016 жылы анатомия және гистология кафедрасында аға лаборант болып жұмыс істеді. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап тәжірибе бойынша маман болып істейді. Қызмет саласы: мамандандырылған бөлімдердің кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға және бақылауына жауап береді.

_MG_2100

Ахметжанова Наталья Владимировна

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын бітірді. Қызмет саласы: білім беру бағдарламаларының сапасын бақылау бөлімінің әдіскері.

Байланыс ақпараты

Мекенжайы

071400, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Абай Құнанбаев к-сі 103, 102 кабинет

Телефон

8(7222)56-97-55 (ішкі 1034)

Эл. пошта

Жұмыс уақыты

Дс. – Жм. 09:00 – 18:00