Құрылымдық бөлім бастығы

IMG_9276

Узбекова Салтанат Есенгалиевна

Медицина ғылымының кандидаты

1998 жылы Семей медицина академиясының педиатрия факультетін үздік бітіріп, 1998-2000 ж. әлеуметтік медицина кафедрасында клиникалық ординатурада оқыды. 2000 жылдан бастап гистология кафедрасында оқытушы, 2005 жылдан бастап аға оқытушысы болып жұмыс істеді. 2011-2012 ж. кредиттік оқыту технологиясы, стоматология және шетел бөлімі деканының орынбасары қызметін атқарды. 2011-2012 жылдары университет рейтинг қорытындысы бойынша «Теориялық кафедраның үздік аға оқытушысы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Шет тілдер бакалавры дәрежесіне ие. 2018 жылдан 2020 жылға дейін гистология кафедрасында меңгеруші болды,  медицина ғылымдарының кандидаты және 100-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік басылымдардың, 2 монографияның, 2 оқу-әдістемелік құралдың, 1 терминологиялық сөздіктің авторы.

Қабылдау уақыты: дүйсенбі – жұма 15.00-18.00

Телефон: +7 7222 56 28 88

Бөлім туралы қысқаша ақпарат

Дипломға дейінгі білім беру деканаты (ДДББД) 2016 жылы ректордың 29.08.2016ж. №194-а бұйрығымен құрылып, барлық бакалавриат мамандықтарын «Жалпы медицина», «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі», «Фармация» және шетел бөлімін біріктірді.  Құрылу жылына қарамастан деканаттың көпжылдық тарихы бар.

2008 жылы кредиттік оқыту технологиясы енгізілгенге дейін университетте 3 деканат: емдеу ісі және медициналық-профилактикалық іс, педиатрия және стоматология, шетел бөлімі және фармация факультеттері деканаттары жұмыс істеді.  Ректордың 26.05.2008 жылғы №102 бұйрығы негізінде емдеу ісі, медициналық-профилактикалық іс, стоматология, фармация факультеттері мен қоғамдық денсаулық сақтау және мейірбике ісі факультеттері және жалпы медицина, педиатрия факультеттері  біріктірілген 2 деканат құрылды.

2010-2011 оқу жылында  деканат кредиттік оқыту технологиясы, емдеу ісі, стоматология факультеттері және шетел бөлімі деканаты болып аты өзгертілді. 2012-2013 оқу жылында «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандықтарының жойылуына байланысты деканат кредиттік оқыту жүйесі (КОЖ),  стоматология және шетел бөлімі, жалпы медицина деканаттары болып аталды.

2016 жылдың 29 тамызынан бастап, ректорымыздың №194-а бұйрығы бойынша Дипломға дейінгі білім бері деканаты құрылып, деканат құрамында  келесі бакалавриат мамандықтары енді: «Жалпы медицина», «Тіс емдеу», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі», «Фармация» және шет тілі бөлімі.

Білімалушылардың жетістіктерінің  сырттай бағалануы 2012 ж. мамандықты мемлекеттік аттестаттау  және 2014 жылы жоғары оқу орнының институционалды аккредиттеуден, 2015, 2016 жж. бакалавриат мамандықтары бойынша мамандандырылған аттестаттаудан сәтті өтуімен дәлелденеді. Жұмыс берушілердің түлектерді даярлау сапасымен қанағаттанатындықтары туралы салыстырмалы жоғары пайызы  (88 % жауап бергендер), сонымен қатар бакалавриат түлектеріне сұраныстың жоғары болуы, түлектердің 90% аса жұмысқа орналасуы білім беру бағдарламалары мақсатының нәтижесінің дәлелі.

Отандық студенттер үшін ағылшын тілінде білім беру топтары ашылды: 2004 жылы – «Емдеу ісі» және «Педиатрия» мамандықтары бойынша, кейіннен «Жалпы медицина»; 2011 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау»; 2014 жылы «Стоматология» мамандығы.

2016 ж. қазанда университет қабырғасында 1-ші Ата-аналар съезі өткізілді. Бұл, шындығында айтулы оқиға болды. Мұндай ауқымды іс-шара Қазақстан бойынша тұңғыш рет біздің ЖОО өткізілді. Съез  жұмысына Қазақстанның түрлі аймақтарынан, сонымен қатар ҚХР, Үндістаннан келген барлық курс, мамандықтар студенттерінің ата-аналары қатысты. Барлығы съезге 200 делегат жиналды.

Университет студенттері халықаралық және ұлттық деңгейдегі еріктілер қозғалысына белсенді түрде тартылуда, бұл университеттің бірден-бір стратегиялық дамуы индикаторы. Яғни, 2017 жылы Халықаралық мамандандырылған «Астана ЕХРО 2017» көрмесіне еріктілер қатарына 33 студент кірді.

2019 жылы Университеттің құрылымы жоспар бойынша өзгертіліп, медицина мектебіне толық өзгертілді.

Қызметкерлер

_MG_9123

Дюсенбаева Айгуль Бахтыбековна

«Жалпы медицина» 2-3 курс бойынша декан орынбасары; экономикалык ғылым магистрі

2006 жылы Семей қаласындағы Қазақ қаржы-экономикалық институтын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді.

2013 жылы Қазақстан қаржы-экономикалық академиясының «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі біліктілігі берілді.

Еңбек жолын 2006 жылы «Есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 2009-2019 ҚИУ, «Экономика, қаржы және есеп» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап медицина мектебі деканының орынбасары.

Кулмаганбетова Гульнара Дугалиевна

«Жалпы медицина» 4-5 курс бойынша декан орынбасары; информатика ғылым магистрі

_MG_9127

Калиева Назира Сарсенбековна

«Жалпы медицина» 1-ші курс бойынша декан орынбасары; экономика және бизнес магистрі

2004 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін үздік бітіріп, еңбек жолын Р.Байсеитов атындағы СҚЭК арнаулы пәндер оқытушысы болып бастайды. 2009-2019 жылдар аралығында ҚазИГЗУ-дің «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап медицина мектебі деканының орынбасары.

Эл. пошта

_MG_9528

Спиренкова Екатерина Вячеславовна

«Жалпы медицина» бөлімінің декан орынбасары; Филология ғылымдарының магистрі

2015 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша бітірді. 2018 жылы Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген. «Педагогикалық білім» бағыты бойынша магистр біліктілігін алды. 2017-2019 жж., КММ «N14 орта білім мектебі» шетел тілі мұғалімі; 2019 – 2020 жылдың тамызына дейін, дипломнан кейінгі білім беру мектебінің әдіскері; 2020 жылдың қыркүйегінен бастап шетелдік бөлімі деканының орынбасары.

Садвакасова Ш.Ж

Зыханова Фарида Толеубековна

«Жалпы медицина» мамандығының 4-5 курс әдіскері; қаржы бакалавры

IMG_9427

Зыханова Фарида Толеубековна

«Жалпы медицина» мамандығының 2-3 курс әдіскері; қаржы бакалавры

Эл. пошта

_MG_9130

Омарова Айгерим Еркалиевна

«Жалпы медицина» мамандығының шет бөлімінін әдіскері; шет тілі бакалавры

Эл. пошта

_MG_9525

Саметова Айгерим Галымовна

«Жалпы медицина» мамандығының 1 курс әдіскері; стандартизация сертификация и метрология бакалавры

2013 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін бітіріп, еңбек жолын 2013 жылы ЖШС «Қарағанды темір жол ауруханасында»  инженер-метролог болып бастайды. 2014-2020 жылдар аралығында КеАҚ Семей медицина университетінің ғылыми зерттеу орталығында, халықаралық қатынастар маманы болып жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап медицина мектебі әдіскері.

Эл. пошта

Байланыс ақпараты

071400, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Абай Құнанбаев к-сі 103, Кабинеттер: 219, 221

Телефон

8(7222)56-28-88 (ішкі 1036)

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі – Жұма. 09:00 – 18:00