Құрылымдық бөлімшенің басшысы

img_9413

Турарова Эльмира Мерхатовна

Бөлімнің бас маманы

Білімі: «Тарих» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., 2011 ж.)

Бөлім туралы қысқаша ақпарат

Түлектерді жұмысқа орналастыру және «Medical foundation» бөлімі «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның қызметі қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша оқу-білім беру қызметін ұйымдастыруға, білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруға, болашақ талапкерлердің дәрігер мамандығына назарын аударуға, мектеп оқушылары арасында дарынды және талантты балаларды іріктеуге, талапкерлерді қабылдау және білім алушылар контингентін қалыптастыру бойынша, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бағытталған.

 

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында:

  • кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлауды және оны іске асыруды жүзеге асырады;
  • білім беру жүйесі мекемелерімен және жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатыната болады;
  • талапкердің кәсіби таңдау жасауына кеңес береді.

 

Болашақ талапкерлердің дайындық сапасын арттыру мақсатында:

  • бейіндік пәндер (биология, химия) бойынша дайындық курстары арқылы талапкерлерді даярлауды жүзеге асырады;
  • оқушылардың дәрігер мамандығына деген мотивация мен қызығушылығын қалыптастырады;
  • университетте бейімделуден өтуге және академиялық оқыту дағдыларын дамытуға, сондай-ақ білім алушылардың тілдік құзыретін жақсартуға көмектеседі.

 

Тіл дайындығын жетілдіру мақсатында:

  • ағылшын / түрік тілдерінің жалпы курсы;
  • шетел студенттеріне арналған тілдік дайындық;
  • ЖОО, ПОҚ және ӘБП түлектер үшін IELTS ағылшын тілінен халықаралық емтиханын тапсыруды дайындау курстары.

 

Университет түлектерінің жұмысқа орналасуына көмектесу мақсатында:

  • университет мамандықтары бойынша жұмыс беруші кәсіпорындардың деректер банкі және олардың бос жұмыс орындарын қалыптастырады;
  • жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша университет түлектерінің ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетуін ұйымдастырады;
  • жастардың жұмыспен қамтылуына және жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу орталықтарымен, жұмыс берушілер бірлестіктерімен қарым-қатынасты қолдайды.

Қызметкерлер

Самал Кеңесханқызы Солтанова

Түлектерді жұмыспен қамту жөніндегі кеңесші

Білімі: жоғары. Алматы қаласындағы Орталық Азия университеті, «Қаржы және несие» мамандығы, «қаржыгер-экономист» біліктілігі

Соколова Дина Павловна

Түлектерді жұмысқа орналастыру жөніндегі әдіскер

Білімі: Жоғары. Д.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университеті/ Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану. М.Әуезов атындағы семей университеті/ Педагогика және психология

IMG_0031

Советбеков Даурен Ерланұлы

Medical Foundation әдіскері

Білімі: жоғары-КеАҚ СМУ 2020ж«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының магистрі, Семей қаласының ММУ 2015ж. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының бакалавры.

Байланыс ақпараты

Мекенжайы

071400, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Абай Құнанбаев к-сі 103, Кабинет: 222

Телефон

8(7222)32-61-80

Жұмыс уақыты

Пн. – Пт. 09:00 – 18:00