Дюсупов Алтай Ахметкалиевич

медицина ғылымдарының докторы, профессор

Марапаттары

ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау саласының үздігі» – 2016 жыл, 2016 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Тұңғыш Президенті Қорының “ҚР Үздік жас ғалымы” сыйлығының лауреаты.

 

Білімі

2000 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын (ары қарай СММА) үздік бітірді. 2000-2001 жылдары «хирургия» мамандығы бойынша интернатура өтті.

2005 жылы «Қайнар» Университетін “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығы бойынша бітірді.

2012-2015 жылдары – Ресей Федерациясы, Новосибирск қаласы, академик Е.Н. Мешалкин атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығының жүрек-қантамыр хирургиясы кафедрасында докторантура өтті.

 

Еңбек тәжірибесі

Интернатураны аяқтағаннан кейін академия ректоратының шешімімен үздік түлек ретінде шетел студенттеріне пәнді ағылшын тілінде оқыту үшін апат медицинасы курсының ассистенті қызметіне қалдырылды. Ағылшын тілін меңгерген, IELTS Британдық Кеңесінің сертификаты – 5,5 балл (2019 ж.). 2003 жылдан 2007 жылға дейін СММАның госпиталды хирургия кафедрасы ассистенті, 2005 жылдан бастап практикалық қызметін университеттің медициналық орталығының жүрек-қан тамырлар хирургиясы бөлімінде жүргізеді, жоғары санатты ангиохирург дәрігері. 2007 жылдың мамырында СММА ректорының көмекшісі қызметіне тағайындалды. 2009 жылдың 28 қыркүйегінде – Семей Мемлекеттік Медицина университетінің (ММУ) даму және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі проректоры. 2013 жылғы 11 қазанда ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректор болып тағайындалды. 2018 жылдың қаңтар айынан-хирургия бойынша интернатура кафедрасының профессоры. 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың қыркүйегіне дейін факультеттік хирургия кафедрасының меңгерушісі. 2019 жылдың қыркүйек айында Университетте алғаш рет жүрек-қан тамырлар және торакальды хирургия кафедрасы ашылды, осы кафедра меңгершісі болып Дюсупов Алтай Ахметкалиевич тағайдалды. 2021 жылғы 8 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің шешімімен “Семей медицина университеті”КЕАҚ Басқарма Төрағасы – ректоры лауазымына тағайындалды.

 

Ғылыми жетістіктер

2007 жылы Қазақстан Республикасы Нұр-Сұлтан қаласы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты жанындағы 14.00.22- Травматология және ортопедия мамандығы бойынша «Жілінішік сүйегінің диафизарлы сынықтарының сүйектік остеосинтезіндегі шабақ айналасындағы жаралардың инфекциялық асқынулардың алдын алу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

2017 жылы Ресей Федерациясы, Новосибирск қаласы, академик Е.Н. Мешалкин атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығында 14.01.26-жүрек-қан тамыр хирургиясы мамандығы бойынша «Аортаның инфрареналды аневризмасының хирургиялық емдеудің асқынуларын алдын алу» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

«Full Professor-Профессор» атағы Университет тарихында алғаш рет 2018 жылдың 19 қаңтарында ҚР БҒМ білім саласындағы комитеті ассоциирленген профессор атағынан бұрын берді.

Жетекшілігімен 1 PhD және 6 магистерлік диссертация қорғалды, қазіргі таңда «Медицина» мамандығы бойынша 3 PhD докторанттардың ғылыми жетекшісі болып табылады.

100-ден аса ғылыми жұмыстары бар, соның ішінде ҚР БҒМ және ғылыми саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда 42 мақаласы; Ресей және шет елдердің ЖАК ғылыми баспаларында 21 мақаласы; Томсон Рейтер деректер базасында, Web of Science 9 мақаласы, соның ішінде 3 мақала импакт-факторлы; ҚР 8 патентты, 2 монографиясы: “Қолқаның инфраренальды аневризмасын хирургиялық емдеуде асқынулардың алдын алу”, “Критикалық жағдайлардың инфузионды-трансфузионды терапиясының алгоритмі”.

2012-2014 ж.ж ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қорының ғылыми зерттеу грантының, ҚР Білім және ғылым министрлігігің құрсақ аортасының инфраренальды аневризмасы мәселелері бойынша грантының иегері. “Критикалық жағдайдағы адам ағзасындағы полиорганды жетіспеушілік дамуы мен орталық венозды қысымының өзгеру арасындағы табиғи байланысы” Ашылуың авторы, Халықаралық академия авторларының Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының ғылыми ашылулар мен өнертапқыштар N457 дипломы. 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін критикалық жағдайларда инфузионды терапия мәселесі бойынша ҚР БҒМ грантын іске асырды.

 

Біліктілікті арттыру

2007жылдың 27 мамырмен 2 маусым аралығында Австрияның Зальцбург қаласында «Кардиохирургиядағы өзекті мәселелер» циклы бойынша специализация өтті; 2007 жылдың 11 қыркүйегі мен 12 қараша аралығында Алматы қаласы дәрігерердің біліктігін арттыру институтында “Клиникалық ангиохирургия”; 2009 жылдың 16-29 қаңтар Жапония, Омур қаласы, Нагассаки университетінің ауруханасы “Жүрек қан-тамыр хирургиясының таңдаулы сұрақтары”; 2009 жылдың 10 наурыз – 3 сәуір Ресей, Новосибирск қаласы, “Реконструктивті тамырлы хирургияның таңдаулы бөлімдері”; 2009 жылдың 13 қараша – 2 желтоқсан Сингапур, “Сингапурдағы денсаулық сақтау менеджменті”; 2010 жылдың 26 қыркүйек – 9 қазан Калгари, Эдмонтон, Оттава қаласы, Канада “Денсаулықты ғылыми зерттеу менеджменті”; 2014 жылдың 17-28 қараша АҚШ – Бирмингем, Нью-Йорк “Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер әдіснамасы”.

2011 жылдың 2-4 наурыз Үндістан, Бангалор қаласында өткен Азия-Тынық мұхиттық жоғары білім сапасы желісінің конференциясында Семей қ. ММУ атынан   қатысты. 2013 жылдың 27-29 сәуір Қытай, Шанхай қаласында жоғары білім көрмесінде университет атынан қатысты.

2016 жылдың 26 қараша-10 желтоксан АҚШ, Миссури штаты, Сент Луис қ. университетінің Медицина Мектебінің ауруханасында стратегиялық серіктестік шеңберінде “Шұғыл медицинаны дамыту” бағыты бойынша жауапты ретінде оқу курсынан өтті.

2018 жылдың 24 қараша – 24 желтоқсан Түркия, Анкара қаласы Башкент университетінің ауруханасында тамырлы хирургиядан клиникалық тәжірибеден өтті.

А.А.Дюсупов “Семей медицина университеті” КеАҚ университеттік госпиталінде кардиохирургияны дамыту бойынша жобаларының жетекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығымен, Новосибирск қаласы Академик Е. Н. Мешалкин атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығымен бенчмаркинг ұйымдастырушы. 2013 жылдың 3 сәуірінен бастап “Семей медицина университеті” КеАҚ университеттік госпиталінде кардиохирургиялық қызмет, Жедел коронарлық синдром қызметі жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта Семей өңірінде жүрек-қантамыр патологиясынан болатын өлім-жітімді 2 есе азайтуға мүмкіндік туды.