Семей Мемлекеттік Медицина университетінің бас ғимаратында «Кеңестер Одағының батыр Мәншүк Мәметова» және «Университет тарихы» деген мұражай орналасқан. Мұражайдың бірінші бөлігі қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға арналған. Бұл бөлім 1982 жылы ашылған, бүгінде мұражайға 30 жыл толып отыр. Мұражай негізі 5 бөліктен тұрады. Атап айтсақ: « Мәншүктің балалық шағы», « Мектеп кезіндегі Мәншүк», «Жауынгер Мәншүк», «Мәншүктің майдандас достары», «Қазақ қызының ерлігі мәңгілік есте». Бұл мұражайды ең алғаш ашқан тарих кафедрасының доценті А.Л. Птущенко және студенттері еді.
Біздің мұражай Қазақстан бойынша жоғары оқу орындары арасында ең алғаш Мәншүк Мәметоваға ашылған бірінші мұражай. Бүгінгі таңда мұражай кызметкерлері және студенттік мұражай клуб жастары көптеген патриоттық жұмыстар атқаруда. Мәншүктің ерлігін мақтан ете отырып қала көлемінде өтетін іс шараларға, университетте өтетін қоғамдық істерге және жетімдер үйіне, қарттар үйіне де қайырылымдық көрсетеді.
1986 жылдың апқан айынан бастап университетимізде «Университет тарихы» деген мұражай ашылды. Бұл мұражайды ұйымдастырушы жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі, доцент С.Ш.Шарипов.
Университет тарихы мұражайында университетіміздің бүкіл тарихы және күні бүгінгі тыныс тіршілігне дейін баяндалады. Жалпы мұражай қорында университете қызмет атқарған ұстаздар, дәрігерлер жайлы және факультеттер мен бөлімдер тарихында сақталған. Мысалға, емдеу ісі факультеті- 1953жылы, педиатрлық факультет- 1963 жылы,1991 жылы стоматология факультеті және 1995 жылы ағылшын студенттерінің бөлімі, 2003 жылы медико-профилактика және фармациялық факультеті ашылған. Сонымен қатар мұражайда университетіміздің жетістіктері, кафедраларды, студенттердің, спорттық, өнерден алған сыйлықтары мен мақтау грамоталары сақталған. Сонымен қатар басшылық еткен ректорлардың портреттері, бізді бітірген құрметті түлектердің де фоталары бар.
Мұражайдағы ең үлкен бөлік полигонды зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне арналған. Семей қаласындағы ашылған унивреситет мұражайы мәдени-тарихи құндылықтарды сақтау болып табылады. Мұражай жұмысы үш бағыт бойынша жұмыс атқарады: өлкетану – зерттеу жұмысы, студенттерді патриоттыққа тәрбиелеу және ғылыми іздестіру бағытта жұмыстар атқарады. Жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде мұражайдың атқарып жатқан жұмыстары орасан зор. Студенттер арасында еске алу, адамгершілік, ерлік тақырыптарына сабақтар өткізсе, соғыс ардагерлерімен және еңбек ардагерлері, ұстаздармен тұлғатану кештерінде өткізеді. Осы өткізген іс -шаралар қалалық, облыстық газеттерде жарияланады. Тек біздің студенттерге ғана емес сонымен қатар қаладағы басқада жоғары оқу орындарының студенттеріне, колледж, лицей, мектеп оқушыларына ашық есік күндерін жариялап, экскурсиялар өткізеді.
Мұражай құрылған сәттен бастап көптеген қызметкерлер жұмыс жасады. Атап айтсақ, Л.Канырова, М.Раисова, Н.М. Яковлева, Г.Б. Есенсарина, О.А. Кашкарова.
2009 жылдан бастап мұражай жанынан студенттік мұражай клубы ашылды. Бұл клубты ұйымдастырушы мұражай директоры Сандауғаш Төлеуғалиқызы.
Клубтың алдына қойған мақсаты жастарды патриоттық, адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады. Клуб бүгінде төрт бағыт бойынша жұмыс атқарады. «Тимур командасы» қарттарға көмектеседі, «Детская улыбка» жетімдер үйімен жұмыс жасайды, «Шығармашылық топ» және «Пресс клуб» топтары әр түрлі концерттік бағдарламалар ұйымдастырып, газет бетіне шығарады. Клубты бүгінде универистетіміздің 3 курс студенті Муханова Айгерім басқарады.
2008 жылы қалалық мұражайлар конкурсында университет мұражайы бірінші орын алды.
Бүгінгі таңда мұражай директоры Құттыбаева Сандуғаш Толеугалиқызы
Байланыс: каб. №111, № 128, тел: 8(7222)52-22-51 (1043),факс: 8(7222)56-97-55