img 3489 - Біз туралы

Семей медицина университеті туралы

Семей медицина университеті – Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарының ішіндегі көрнектілерінің бірі, оның жеке меншік Университеттік госпиталы, сондай –ақ Павлодар және Өскемен қалаларында филиалдары бар.
1953 жылы 1 қыркүйекте емдеу факультетін ашумен Семей медицина университетінің негізі қаланды, оған алғашқы 320 студент қабылданды. 1952 жылы Кеңес Одағы Министрлер кабинетінің университетті ашу жөніндегі қаулысы шыққан болатын. Барлығы қызмет еткен жылдарда ЖОО түлектері бүкіл Қазақстан, алыс және жақын шетелдерде табысты еңбек етуде.
Семей медицина университеті – ол бай тарихи дәстүрлерге толы, зор әлеует пен беделді ғылыми мектептер. Міне, 65 жыл бойы біз Қазақстан медицинасының дамуына және денсаулықты сақтауға өз үлесімізді қосудамыз.

 

Миссия

“Ең жақсы білім берудің, клиниканың және ғылымның интеграциясы негізінде бәсекелестікке қабілетті мамандарды сапалы даярлау арқылы Қазақстан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға көмек көрсету”

Пайым

“Қазақстанның денсаулық сақтау Інжу-маржаны – білім, ғылым және клиникалық тәжірибенің сәтті синтезі”

Сертификаттар және марапаттар