2022 жылдың 27 сәуірінде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 65 жылдық мерейтойына арналған «Ғылым: Кеше, бүгін, ертең» атты жас ғалымдардың LXI халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
«Морфология. Физиология 2» секциясына КеАҚ «Семей медицина университетінен» қалыпты физиология кафедрасы атынан бір баяндама ұсынылды. Баяндама тақырыбы: «Семей медицина университетінде оқитын шетел студенттерінің оқу үрдісіндегі мәселелері және бейімделуі» жалпы медицина мамандығының 2 курс студенті Сейтқан Балғын, ғылыми жетекшісі:м.ғ.к.кафедра меңгерушісі С.О.Рахыжанова болып табылады. Сонымен, осы баяндама конференцияда көпшіліктің көңілінен шығып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін IІ дәрежелі дипломмен марапатталды!
Қалыпты физиология кафедрасы атынан біздің студенттерге конференция жұмысына белсенді қатысқаны, студенттік ғылыми зерттеулердің нәтижелерін лайықты ұсынғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта жеңістер, табыстар мен жетістіктер тілейміз, қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмаңыздар, тек алға ұмтылыңыздар!