2022 жылдың 20 сәуірінде «Еңбек гигиенасы және қоршаған орта саласындағы магистратура бағдарламаларын үйлестіру және өзара тану/HARMONEE» жобасы бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде жоба серіктестерімен кезекті кездесу өтті. Оған жобаның жұмыс тобының барлық мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1) Қаржылық мәселелер:
– Құрал-жабдықтар мен ағылшын тілі курстарына жұмсалған қаражат туралы серіктестердің есебі;
2) Жазғы мектеп
Жоба аясында жазғы мектеп 2022 жылдың 27 маусымы мен 7 шілдесі аралығында Өзбекстан, Бұхара қаласында өтеді. Әзірленген модульдер талқыланады. Модульдерге жауаптылар магистрлік модульдің соңғы нұсқасын ұсынады.