Аса қауіпті жұқпалы аурулар әлемдегі денсаулық сақтаудың өзекті мәселесі болып қалуда және осы инфекциялардың пайда болуын ескертудің маңызды бағыттарының бірі – бұл алдын алу болып табылады. 15.04.2022 ж.Семей қаласының №3 КДП-да бруцеллез және сібір жарасының алдын алу бойынша семинар өткізілді. Семинардың спикерлері 619 топтың ЖТД интерндері болды, олар қазіргі уақытта “МУС”КеАҚ инфекциялық аурулар және иммунология кафедрасында білім алуда. Әлемдегі және Қазақстандағы сібір жарасы мен бруцеллез бойынша эпидемиологиялық жағдай баяндалды. Интерндер сібір жарасы мен бруцеллез клиникасын ашып, осы аса қауіпті инфекцияларға күдік туындаған жағдайда эпидемиологиялық анамнезді егжей-тегжейлі және мұқият жинау қажеттілігін атап өтті. Бруцеллез бен сібір жарасының алдын алу бойынша жеке презентация ұсынылды.
“МУС” КеАҚ жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасы