«Күміс университеті» жобасы аясында 2022 жылдың, сәуір айының 7 күні «Мейіргер ісі» кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының магистрі Байзолдина Ж.С. «Уқалаудың жалпы негіздері және адам ағзасына әсері» атты мастер класс өткізді.
Мастер-класс тақырыбының мақсаты күміс тыңдаушыларына уқалаудың адам ағзасына емдік әсері туралы ақпарат беру.
Жалпы мастер класс 2 кезеңнен өткізілді:
1кезең – теориялық бөлім. Бұл бөлімде Байзолдина Ж.С. «Күміс университеті» жобасының тыңдаушыларына уқалауға анықтама беріп, оның көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері, адам ағзасына әсері туралы айтты.
2 кезең – тәжірибелік бөлім. Бұл кезеңде «Күміс университеті» жобасы тыңдаушыларының рұқсатымен «Семей медицина университеті» КеАҚ №3 жатақхана ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан медициналық пункт кабинетінде бас, бет, арқа бөліктеріне арналған классикалық уқалау түрін жасап көрсеттік.
Мастер- класс соңында, тыңдаушылар уқалаудан кейінгі алған әсерлерін айтып, осы тақырыпты алдағы жоспар бойынша қайталануына ұсыныс білдірді.