16 наурыз күні 2 курс 2217 тобының ұйымдастыруымен жоспарға сай кураторлардың басшылығымен 1 курс 1214, 1106, 1101, 1213, 1510, топ студенттерімен “Наурыз – мерекем, Наурыз – берекем” атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері дәріптеліп, әр топтың ән-күй, билері тамашаланды. Сондай-ақ, шетелден келген 1 курс 1501, 1503, 1502, 1504 топ студенттері мерекеге қатысып, қазақтың салт-дәстүрімен танысты. Әр топ кураторлары оларға қазақтың мәдениеті мен наурыз мерекесі туралы мәлімет берді. Шетелдік студенттер де мерекеде өз өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытты. Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен құтты болсын!
Категориясы: Оқушылар
Осы жазбамен бөлісу