Наурыз — көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болуымен бірге, халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеп, ұлттық қасиеттерін бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. 2022 жылдың наурыз айының 16 күні Медициналық білім беру кафедрасында Наурыз мейрамына арналған мерекелік шара өткізілді. Кафедраның оқытушылары мен кураторлық топ студенттері аталмаш шараға белсенді қатысты. Студенттер өздерінің өнерлерін көрсетіп жиналған қауымды бір серпілтті. Ұлттық киім киіп, ән шырқап, би билеп, наурыз көжеден дәм татып жаңа жыл басын тойлап өтті.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу