16 наурыз күні Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық ребилитология кафедрасында Наурыз мейрамына арналған іс – шара өтті.
Іс- шарада кафедра ассистенттері, 2-ші жыл педитр- резиденттер мен 601 топ интерн педиатрлар қатысты.
Наурыз – көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын деп тілек білдіріп жатады. Наурыз мерекесінен Тусупова Д.М атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасы да шет қалмады. Ұлық мерекені атап өтудегі басты мақсат – салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын еске салып, дәріптеу. Дәстүрлі шараны 201-ші топ резиденттері мен 601-топ интерн педиатрлар ұйымдастырды. Кафедра ұстаздары дән риза болып, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты. Мереке қарсаныңда кафедра атынан педитария кафедрасының резиденттеріне маман тапшылығы кезінде педиатрия бөлімінде ат салысып жұмыс атқарғандары үшін алғыс хаттар берілді. Сонымен қатар балалар аурулары пәнін өту барысында қоғамдық жұмысқа, оқу-тәрбие ісіне белсенді қатысқандары үшін 601-топ педиатр интерндері де алғыс хатпен марапатталды. Шара соңында қонақтар арнайы дайындалған наурыз көжеден дәм татып, баталарын берді.