“Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы магистрлік бағдарламаларды үйлестіру және өзара тану / HARMONEE” жобасы шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде КЕАҚ СМУ 10 оқытушысы 1 наурыздан бастап (4 ай) ағылшын тілінің қарқынды кәсіби курстарын бастады. Іріктеу кезеңінен өткен оқытушылар сабақтарға кірісті, келешекте магистранттарға келесі мамандықтар бойынша сабақтар өткізуді жалғастырады: Қоғамдық денсаулық сақтау және профилактикалық медицина. Ағылшын тілін меңгеру бойынша оқытушылардың деңгейі белгіленіп топтар құрылып, сабақтың форматы анықталды. Ағылшын тілін оқыту курстары оқытушылардың білім беру құзыреттіліктері мен дағдыларының деңгейін арттыруға ғана емес, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы өңірлік және халықаралық желіні кеңейтуге де ықпал етеді. Қазіргі уақытта оқытушылар жобаның модульдері бойынша ағылшын тілінде онлайн-оқыту семинарларына қатысады. Erasmus + жобасының арқасында біздің медицина университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы шетелдік әріптестермен қарым-қатынас жасап қана қоймай, сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы білімге бірыңғай пәнаралық тәсілді енгізуге мүмкіндік алады.