Ақпан айларының соңғы аптасында Семей медициналық университеті қабырғасында білім алып жүрген студенттер қатарынан құрылған «Кемел» театры көрініс берді. Бұл шараның басты мақсаты «Жаңа жылда-жаңа баспана» атты қайырымдылық акциясын қамту және кеңейту болса, екіншіден студенттердің әлеуметтік-мәдени рухын көтеру мақсатында жүзеге асырылды. Осы жобаны қолдау мақсатында медициналық білім беру кафедрасының оқу ісі бойынша жауапты оқытушысы Нургалиева Сауле Жуматовна бастаған 1309 стоматология факультетінің студенттері өз үлестерін қосып, театр төрінде көрініс тамашалады. Көрініс жетімдер үйіндегі балалардың өмірінен алынған болатын. Үлкенге ізет, кішіге қамқор, мұқтаж жандарға қолдау көрсету сияқты адами қасиеттерді тәрбиелеу келешек ұрпақ үшін таза ой, саналы мінез-құлық қалыптастыру үшін үлкен маңызға ие.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу