01.03.2022ж «Психиатрия» кафедрасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы төңірегінде арнайы проектіні іске асыру барысында « Латын тіліне ауысу » тақырыбы аясында кураторлық сағат өтті.
Ұйымдастырушы: 3102 ЖМ топ кураторы, «Психиатрия» кафедрасының ассистенті Алтыбаева Г.К.
Жоба мақсаты: Латын графикасы негізінде қазақ тілін қолдануға кезең-кезеңмен көшуді қамтамасыз ету.
Алғашқы сөзді Семей Медициналық университеттің «Психиатрия» кафедрасының ассистенті Алтыбаева Г.К сөйледі. «Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік» -деген Елбасы
Н. Назарбаевтың сөзін бәріміз де санамызбен түсініп, оның шынында да, қазіргі қоғамға тигізер ықпалы туралы ойлануымыз керектігі де түсінікті. Арнайы жоба « Латын тіліне ауысу » іске асыру бағытында алда тұрған мәселелер жайлы айтылды,атап айтсақ,латын тіліне ауысы үшін ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету, кириллицадан латиницаға қайта кодтаушы бағдарламасын жалпыға қолжетімді және жаппай енгізуді қамтамасыз ету .“ Білім беру ұйымдары арасында қазақ әліпбиінің латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін байқаудан өткізу. 3102 тобының студенті Айнабаев Елжан “Латын графикасына көшу” презентациясын ұсынды : онда тілдерге ерекше талаптар қоятын әлемдік дамудың заманауи үрдістері айтылды . Бұл бір жағынан қазақ грамматикасы мен лексикасын жетілдіруге түрткі болса , екінші жағынан еліміздің әлемдік ақпараттық, цифрлық, ғылыми , мәдени кеңістікке интеграциялануын жеделдетуге мүмкіндік береді.Тілдік графиканы түрлендіру-бұл ұлттың қазіргі әлемдік тәртіп жағдайында оның табысты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық санасын жаңғыртудың бөлігі. Латын әліпбиіне көшу – елімізде үштілділікті қалыптастыруды жеңілдететін Рухани жаңғыру бағдарламасының өзегі . 3 курс студенттері қызықты ақпаратты үлкен қызығушылықпен тыңдады . Белсенді түрде талқылауға қатысып, сұрақтар қойып, жаңа білім , оң көзқарас алды.