2022 жылдың 1 ақпанында Орынбор мемлекеттік медицина университетінің эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасында Google meet платформасымен “Өзекті жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың эпидемиологиясы және алдын алу шаралары” атты халықаралық қатысуымен Бүкілресейлік студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияда инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың эпидемиологиясының өзекті мәселелері, сондай-ақ олардың алдын алу әдістері көтерілді. Тақырыптарды талқылау барысында белсенді пікірталас өтті, оның барысында конференцияға қатысушылар қойылған сұрақтарға толық және нақты жауаптар берді. “Семей медицина университеті” КЕАҚ атынан “Қазақстан Республикасы халқының 2019-2020 жж. жұқпалы аурулармен сырқаттануы” тақырыбындағы баяндамамен ЖМ 4 курс студенті Мұсабеков Мұхтар Бауыржанұлы және ЖПД интерні Ерлан Алмас Ерланұлы қатысты. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы СҒҮ хатшысы Мұсабеков М.Б.