Біз Семей медицина университеті «Жалпы медицина факультеті» 2021жылы күз айында 327-ші курсанттар тобы (әскери взвод бойынша) әскери кафедрада біртұтас дайындықтан өту үшін әртүрлі топтардан жасақталып, жиналдық бір жыл ішінде бір ұжымдай, бір отбасындай болдып кеттік Әскери кафедрада 2 семестр бойынша оқи жүріп практика және теория жағынан болса да оларды мүлтіксіз дұрыс орындауға тырысамыз Себебі елімізді Отанымызды немқұрайлы қорғауға болмайды Әскери кафедра тек әскери ғылымдар мен пәндерді ғана емес, сонымен қатар патриотизмді және өз мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының патриоты болу қажеттілігін үйретеді.
Курсанттар әр өткен сабақтан семинарлардын рух алып өз болашағына деген мақсаттарын айқындай түсті. Бізбен үлкен оқытушылар құрамы жұмыс жасап өз білімдерін беруде біз Кафедра меңгерушісі: Орынбасаров Шынгыс Оразмухаметович
Әскери бөлім бастығының орынбасары запастағы полковник:Мамыканов Ринат Толеутаевич
Запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденұлына берген білімдері үшін өздерінің ерекше алғысымызды білдіреміз.
Қазіргі уақытта әскери кафедра басшылығымен 2 курс студенттерін әскер қатарына қабылдау бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде және 327 топ студенттерін әскери кафедраға түсуге шақырамыз, өйткені бұл барлық күш құрылымдарында бітірушілерді жұмысқа орналастыруға үлкен мүмкіндіктер береді.
Курсант Эльнура Туруспекова