Әр аптаның сейсенбі күні дәрігер-неонатологтарға арналған журнал клубының отырысы онлайн түрде өткізіліп отырылады. Бұл журнал клубына Қазақстанның барлық қалаларынан неонатологтар, резиденттар, сонымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейден де дәрігерлер қатысады. Апта сайын неонатология саласындағы өзекті мәселелер қаралып, дәлелдемелі медицина тұрғысынан мақалалар талқылауға түседі. Бұл өз кезегінде жас мамандардың клиникалық талдау, сараптау қабілетін жақсартып, қызығушылықтарын арттырады. 2021 жылдың 9 желтоқсан күні журнал клубының кезекті отырысында викторина ойнатылды. Онда 15 сұрақтан құралған қысқаша тесттік сұрақтар жасырылып, викторинаны жеңген жеңімпазға Астана қаласындағы неонатология кафедрасына үш күнге жолақысы мен тұратын жері өтелетін жолдама берілетін болды. «Сол викторияның жеңімпазысыз, келіп кафедраны көріңіз» деген хабарламаны алғанда қуанышымда шек болмады. Дереу жолға жиналып, Нұрсұлтан қаласына жол тарттым. Астана медицина университетінің неонатология кафедрасының меңгерушісі Джаксалыкова Күляш Каликанқызымен кездесіп, резиденттердің оқу бағдарламасымен таныстым. Қазақстан неонатологтар мен акушер-гинекологтар фондының президенті Карин Бектұрған Тынымбайұлымен кездесіп, кафедраның клиникалық базасымен танысуға мүмкіндік болды. Кафедра №2 қалалық көпсалалы аурухана базасында орналасқан екен. Аурухананың акушерлік блогында орналасқан нәрестелерді қарқынды емдеу бөліміне, шала туған нәрестлерді күту және патология бөліміне, ана мен бала бөліміне шолу жасадым. Бөлім дәрігерлерімен сұхбаттасып, тәжірибемен алмасу сұрақтары қарастырылды. Өзімді қызықтырған сұрақтарға қонымды жауап алдым. Ары қарай бірлесіп жұмыс жасау, резиденттардың академиялық мобилділігі бойынша ұсыныстар қабылдадым. Жалпы осы іссапардан алған әсерім көп болды.Семей медицина университнтінің Д.М.Түсіпова атвндағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының ассистенті Алибекова Бакытжан Алибекқызы
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу