2021 жылдың 06 желтоқсанында балалар аурулары пропедевтикасы 3626 топ жалпы медицина факультетінің студенттерінің қатысуымен ассистент Мұқанова Ұ.А. бастамасымен «Ыбырай Алтынсарин – ағартушы-педагог» тақырыбында әңгімелесу өткізді. Іс-шараның мақсаты: студенттерге қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру. Мұқанова Ұ.А. биыл Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы екендігін ескере отырып, студенттерді қазақ халқының тұңғыш ағартушы-педагогының өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстырып өтті. Нәтижесі: студенттерге «Ұлы дала ұстазы» туралы презентация көрсетіліп, Ыбырай шығармаларының көркемдік ерекшелігі түсіндірілді.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу