10 желтоқсан – айтулы күн! Дәл осы күні педиатрия кафедрасының негізін қалаушы Тусупова Даметер Молдаханқызы 1930 жылы дүниеге келген. Даметер Молдаханқызы 1946 жылы орта мектепті үздік бітіріп, Алматы медицина институтына түскен. 1951 жылы институтты сәтті аяқтап, педиатрия мамандығын алды. 1953 жылы алғаш Семей медицина институты ашылған сәттен, осы интститутқа қызметке келіп, анатомия кафедрасының ассистенті қызметінен бастады. 1963 жылы Даметер Молдаханқызының жетекшілігімен алғаш рет госпиталды педиатрия кафедрасы ашылды. Даметер Молдаханқызынан білім алған түлектер, қазіргі таңда Қазақстанның түкпір-түкпірінде қызмет жасауда. Олардың қатарында академик, профессорлар: Дадамбаев Е.Т., Хабижанов Б.Х., Розенсон Р.И., Апсаликов К.Н., Джаксалыкова К.К., доценттар: Камашева Г.Т., Алимбаева А.Р., Жунусова А.Б., Ашимова Ф.М., Курманова Б.Р. және т.б.бар. Педиатрия кафедрасына 2020 жыла Даметер Молдаханқызының есімі берілді.
10 желтоқсан күні педиатрия кафедрасының оқытушылары жыл сайын кафедрада білім алушылармен Даметер Молдаханқызының құрметіне таңертеңгілік өткізуді әдетке айналдырды. Білім алушыларды Даметер Молдаханқызының өміржолымен таныстырып, еңбек жолындағы жетістіктерімен, берген тәлім-тәрбиесімен бөліседі.
Даметер Молдаханқызы асыл жар, ардақты ана, үлкен әже, ұлағатты ұстаз болған ерекше тұлға! Ұлағатты ұстаздын мектебін сақтай білу ар шәкірттің парызы.