Д.М.Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасында ай сайын интерндар мен резиденттар арасында қызықты клиникалық жағдайларды онлайн түрде өзара талдау өткізіледі. Талдау барысында білім алушылар пікірталасып, соңғы дәлелдемелі медицина көзқарастары бойынша жаңа емдеу әдістерімен танысады.
02.12.2021ж күні кафедраның кезекті клиникалық талдау отырысында резидент-неонатологтар баяндама жасады. Екінші оқу жылындағы резидент Омарғалиева Айна Семей қаласының Перинаталды орталығында өзі жүргізген «Situs inversus» науқас жайлы баяндады. Ішкі мүшелердің кері орналасуы сирек кездесетін аномалия. Жиі басқа даму ақауларымен бірге кездеседі. 20% жағдайда Картагенер синдромымен (үштік тән: Situs inversus бронхоэктазия, созылмалы риносинусит) жүреді. Situs inversus жалпы кездесу жиілігі, клиникасы, тексеру нәтижелері баяндалды. Білім алушылар әртүрлі сұрақтар қойып, қызу пікірталас жүрді. Жалпы, сирек кездесетін патологияларды ортаға салып, талдау жүргізу білім алушылардың клиникалық талдау қабілеттерін жақсартып, ойларын ұшқыр, қызығушылықтарын арттырады.