2021 жылдың 10 желтоқсанында Университет кітапханасының оқу залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналып еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектер мен тәуелсіздік жылдарында жарық көрген туындыларды қамтыған «Айбыны асқақ, тұғыры биік тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің басты мақсаты: еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін оқырмандарға таныстыру болып табылады.
Кітап көрмесі алаңында Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің дамуы жолындағы қосқан үлесін айқындайтын туындылар молынан қамтылған. Мысалы: «Сындарлы он жыл», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан-2030», М.Қасымбеков «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», С. Усенов «Идеи Нурсултана Назарбаева- идеология независимого Казахстана» және т.б.
Аталмыш шараға «Жалпы медицина» факультетінің екінші курс № 2222, 2104 тобының студенттері қатысып, көрмеден Тәуелсіздік туралы құнды деректерді, тарихи фотосуреттерді тамашалап, мемлекетіміздің 30 жылдық тарихымен танысты.